Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы"
заңының
13 бабы 4 тармағына сәйкес қалалық ономастика комиссиясы ұсынысының негізінде, бірлесе отырып, Алматы қаласы әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
және ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты
ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Алматы қаласындағы келесі ықшамаудандардың атаулары мынадай болып өзгертілсін:
Айша бибі көшесі мен Айтықов көшесінің оңтүстік аумағында орналасқан "ҚазПАС" ықшамауданының атауы "Шуақты" атауына;
Первомай көшесінің солтүстігі мен Геологтар көшесінің батысында орналасқан "Камаз" ықшамауданының атауы "Көкжиек" атауына;
2. Алматы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы ықшамаудандардың есім көрсеткіштерін, үйлердің рет сандарын жасап және орнатуға Алматы қаласының жергілікті бюджетінде қажетті қаражат қарастырсын.
3. Түрксіб ауданының әкімі В.Устюговке, Алматы қаласының жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы және "Алматықалабезендіру" ААҚ (келісім бойынша) ықшамаудандардың жаңа есім көрсеткіштерін жасап орнатсын.
4. Түрксіб ауданының әкімі В.Устюговке нормативті құқықтық актіні тиісті мекемелерге жеткізсін.
5. Осы нормативті құқықтық актінің орындалуын бақылау ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссияға (Е.Тәжиев) және Алматы қалалық тілдерді дамыту басқармасына жүктелсін.
6. Осы нормативті құқықтық акті алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы әкімі А. Есімов
ІV сайланған Алматы қаласы
мәслихаты ХІ сессиясының
төрағасы Т. Есполов
ІV сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев