Алматы қаласында "Қалқаман" ықшамауданының көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІ сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі N 114 бірлескен шешімі және Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 14 шілдедегі N 3/551 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2008 жылғы 15 тамызда N 788 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" заңының 13 бабы 4 тармағына   сәйкес қалалық ономастика комиссиясы ұсынысының негізінде бірлесе отырып, Алматы қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және ІV сайланған  Алматы қаласы мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
 

      1. "Қалқаман" ықшамауданының көшелеріне мынадай атаулар берілсін:

1.

Әнуарбек Молдабеков

бірінші көшеге, ұзындығы 800 м.

2.

Төлеген Айбергенов

екінші көшеге, ұзындығы 950 м.

3.

Ыбырай Жақаев

үшінші көшеге, ұзындығы 780 м.

4.

Нартай Бекежанов

төртінші көшеге, ұзындығы 1200 м.

5.

Саурық батыр

бесінші көшеге, ұзындығы 1200 м.

6.

Сыпатай батыр

алтыншы көшеге, ұзындығы 1200 м.

      2. Алматы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау   басқармасы көшелердің есім көрсеткіштерін, үйлердің рет сандарын жасап және орнатуға Алматы қаласының жергілікті бюджетінде қажетті қаражат қарастырсын.
 

      3. Әуезов ауданының әкімі Ә.Несіпбаевқа, Алматы қаласының жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы және "Алматықалабезендіру" ААҚ (келісім бойынша) көшелердің жаңа есім көрсеткіштерін және үйлердің рет сандарын жасап орнатсын.
 

      4. Әуезов ауданының әкімі Ә.Несіпбаевқа осы нормативті құқықтық актіні тиісті мекемелерге жеткізсін.
 

      5. Осы нормативті құқықтық актінің орындалуын бақылау ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссияға (Е.Тәжиев) және Алматы қалалық тілдерді дамыту басқармасына жүктелсін.
 

      6. Осы нормативті құқықтық акті алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы әкімі                        А. Есімов
 
      ІV сайланған Алматы қаласы
      мәслихаты ХІ сессиясының
      төрағасы                                   Т. Есполов
 
      ІV сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы                       Т. Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады