Алматы қаласы әкімінің 2002 жылғы 1 сәуірдегі N 50 "Жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектерге, зейнеткерлік жастағы жалғызбасты жұбайлық және отбасылық жұптарға арналған Әлеуметтік тұрғын-үйдің Ережесі туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 7 тамыздағы N 4/639 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2008 жылғы 5 қыркүйекте N 792 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 23 шілдедегі N 3/627

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 23.07.2012 N 3/627 қаулысымен.

      Әлеуметтік тұрғын-үйде тұратын зейнет жасындағы жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерді, жалғызбасты ерлі-зайыпты және отбасылық жұптарды әлеуметтік қолдау мақсатында Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы әкімінің 2002 жылғы 1 сәуірдегі N 50 "Жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектерге, зейнеткерлік жастағы жалғызбасты жұбайлық және отбасылық жұптарға арналған Әлеуметтік тұрғын-үйдің Ережесі туралы" шешіміне (2002 жылы 25 сәуірде нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 448 нөмірмен, 2002 жылы 14 желтоқсанда "Алматы ақшамы", 2002 жылы 14 желтоқсанда "Вечерний Алматы" газеттерінің 98 нөмірінде тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:
      Аталған шешіммен бекітілген зейнет жасындағы жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге, жалғызбасты ерлі-зайыпты және отбасылық жұптарға арналған Әлеуметтік тұрғын-үй туралы Ережеде:
      24 тармақ келесі мазмұндағы 5-ші тармақшамен толықтырылсын:
      "тәулігіне бір рет тегін ыстық түскі ас беру".     

      2. Алматы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы жергілікті бюджеттен тиісті жылға Әлеуметтік тұрғын үйде тұратын зейнет жасындағы жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектердің, жалғызбасты ерлі-зайыптылар мен отбасылық жұптардың ыстық тамақ ішуіне қаражат қарастырсын.
 
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Алматы қаласының әкімінің бірінші орынбасары  М.Ш. Мұқашевқа жүктелсін.
 
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң, өз күшіне енеді.

      Алматы қаласының әкімі                     А. Есімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады