2009 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІV сессиясының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 161 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2009 жылғы 26 қаңтарда N 804 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2009 жылғы 30 қарашадағы N 262 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХІІІ сессиясының 2009.11.30 N 262 шешімімен.

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 38 бабына және 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексі) 487 бабының 1 тармағына сәйкес ІV-ші сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Алматы қаласы бойынша 2009 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы қосымша бойынша бекітілсін.      
      2. ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты VI сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 59 "Алматы қаласы бойынша жер үсті су ресурстары көздерін пайдалану үшін 2008 жылға арналған төлемақы ставкаларын бекіту туралы" шешімнің (Әділет департаментінде 2007 жылдың 25 желтоқсанында N 762 тіркелген, "Вечерний Алматы" N 307 газетінде 2007 жылдың 29 желтоқсанында және "Алматы Ақшамы" N 156 газетінде 2007 жылдың 29 желтоқсанында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.      
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау экология, денсаулық және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы (Ізмұхамбетов Т.Ә.) және Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.С. Сманқұловқа жүктелсін.      
      4. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткенен кейін қолданысқа енгізіледі.

      ІV сайланған Алматы
      қаласының мәслихатының
      ХIV-сессиясының төрағасы         Қ. Қазанбаев

      ІV сайланған Алматы
      қаласының Мәслихатының
      хатшысы                         Т. Мұқашев

ІV сайланған     
Алматы қаласы мәслихаты
XIV сессиясының   
2008 жылғы 22 желтоқсандағы
N 161 шешіміне қосымша

Алматы қаласы бойынша 2009 жылға арналған жер үсті
көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін
төлемақы ставкалары

Арнайы су пайдалану
түрі өзендер,  көлдер,
теңіздер алқаптары

Үй-жайға, пайдалану және коммуналдық қызмет, тиын/текше метр

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қосқанда, тиын/текше метр

Ауыл шаруашылығы тиын/текше метр

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған су  шаруашылық
тары, тиын/текше метр

1

2

3

4

Балқаш  көлінің және өзендердің алабтары


 

4,63


 

12,7


 

3,67


 

3,48

Кестенің жалғасы 

Арнайы су пайдалану
түрі өзендер,  көлдер, теңіздер алқаптары

Балық шаруашылығы, су көздерінен балық аулайтын тұтынушылар, теңге/тонна

Гидро-
энергетика тиын/квт.
сағат

Су көлігі тиын/мың ш.шақырым

5

6

7

Балқаш  көлінің және өзендердің алабтары


 

85,01


 

1,36


 

0,4

      ІV сайланған Алматы
      қаласының мәслихатының
      ХIV-сессиясының төрағасы               Қ. Қазанбаев

      ІV сайланған Алматы
      қаласының Мәслихатының
      хатшысы                               Т. Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады