2010 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХІІІ сессиясының 2009 жылғы 30 қарашадағы N 262 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2009 жылғы 25 желтоқсанда N 831 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 381 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХXІV сессиясының 2010.12.13 N 381 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз).

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38 бабына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы кодексінің 487 бабының 1 тармағына сәйкес ІV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2010 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. «2009 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты XIV сессиясының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 161 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2009 жылғы 26 қаңтарда № 804 болып тіркелген, «Алматы Ақшамы» газетінде 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 11 және «Вечерний Алматы» газетінде 2009 жылдың 29 қаңтарда № 11 сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім 2010 жылдың 01 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау экология, денсаулық сақтау және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (Т.Ә.Ізмұхамбетов) және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Шормановқа жүктелсін.

      ІV сайланған Алматы қаласы
      мәслихаты XXIII сессиясының
      төрағасы                             Т. Мұқашев

ІV сайланған
Алматы қаласы мәслихатының
ХХIII сессиясының
2009 жылғы 30 қарашадағы
№ 262 шешіміне қосымша

2010 жылға арналған Алматы қаласы бойынша
жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдалану
үшін төлемақы ставкалары

Арнайы су пайдалану түрлері

Өзен-
дер, көлдер, теңіз-
дер алқап-
тары

Үй-жайға пайдалану және Коммунал-
дық қызмет, тиын/
текше м.

Өнеркә-
сіп, жылу энергети-
касын қосқанда, тиын/
текше м.

Ауыл шаруашы-
лығы тиын/
текше м.

Су көздері-
нен су алып пайдала-
натын тоған су шаруашы-
лықтары, тиын/
текшем.

Балық шаруашы-
лығы, су көздерінен балық аулайтын тұтынушы-
лар, тенге/
тонна

Гидро-энергетикасы, тиын/
квт.сағат

су транспорты, тиын/мың ш.шақырым.

Балқаш көлінің және өзендердің алқаб
тары

7,6

20,9

6

5,7

15

2,2

0,6

      ІV сайланған Алматы қаласы
      мәслихаты XXIII сессиясының
      төрағасы                                Т. Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады