III сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXX сессиясының 2007 жылғы 5 маусымдағы "Жер учаскелері төлемдерінің базалық ставкаларының түзету коэффициенттерін және жерлерді бағамдық аймақтандыру шекараларын бекіту туралы" N 351 шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІV сессиясының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 166 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2009 жылғы 26 қаңтарда N 805 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 356 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 23.07.2015 № 347 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 11-бабына сәйкес IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХ сессиясының "Жер учаскелері төлемдерінің базалық ставкаларының түзету коэффициенттерін және жерлерді бағамдық аймақтандыру шекараларын бекіту туралы" 2007 жылғы 5 маусымдағы N 351 (нормативтік құқық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 751 рет санымен 2007 жылдың 18 шілдесінде тіркелген, 2007 жылдың 4 тамызында "Алматы ақшамы" газетінің N 96 санында және 2007 жылдың 4 тамызында "Вечерний Алматы" газетінің N 195 санында жарияланған) IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІІ сессиясының 2008 жылғы 20 тамыздағы N 139 шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХ сессиясының "Жер учаскелері төлемдерінің базалық ставкаларының түзету коэффициенттерін және жерлерді бағамдық аймақтандыру шекараларын бекіту туралы" 2007 жылғы 5 маусымдағы N 351  (нормативтік құқық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 794 рет санымен 2008 жылдың 22 қыркүйегінде тіркелген, 2008 жылдың 20 қарашасында "Алматы ақшамы" газетінің N 132 санында және 2008 жылдың 25  қыркүйегінде "Вечерний Алматы" газетінің N 117 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Аталған шешіммен бекітілген 1, 2 қосымшалар осы шешімнің 1 және 2 қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.
       2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан соң он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      IV сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының XIV сессиясының
      төрағасы                            Қ. Қазанбаев

      IV сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы               Т. Мұқашев

IV сайланған
Алматы қаласы мәслихатының
2008 жылғы 22 желтоқсандағы
кезектен тыс XIV сессиясының
N 166 шешіміне 1 қосымша

Алматы қаласы бойынша жер телімдер
төлемінің базалық ставкаларына енгізілген
түзету коэффициенттері Бағалау аймағының сипаттамасы

Аймақтың
нөмері
Әкімшілік аудандар және аймаққа кіретін кадастр кварталдарының нөмері Түзету коэффициенті
I

Алмалы (004-009, 016-018,042-043, 045-047)
Бостандық (004-006)
Медеу (001, 011, 013, 014, 021, 024, 025-029, 047, 053-058, 903, 904, 912, 913, 923, 935, 936, 937, 938)

1,10

II

Алмалы (001-003, 010-013)
Бостандық (001-003, 008-020, 021, 022, 023, 028, 029, 034, 035-037, 038-041, 042-045)
Әуезов (058-061, 062-064, 939)
Медеу  (002-004, 008, 009, 010, 012, 015, 016, 019, 017, 018, 020, 022, 023, 045-046, 051, 934, 003, 914, 929, 930, 048, 943, 939, 942, 941, 940, 905, 052, 933, 932, 944, 945)

0,95

III

Алмалы (019, 020-027, 041, 044, 046-048)
Жетісу (033-037)
Әуезов (030-033, 039, 046, 049, 040, 041, 044, 045, 048, 050, 051, 054-057)
Медеу (005-007, 030-035, 037-042, 901, 902, 906-911, 924-927)
Бостандық (030-033)

0,7

IV

Алмалы (028-040)
Әуезов (042, 043, 047, 052, 053, 948-951, 934-938)
Жетісу (021, 022, 001, 041, 042, 061-067)
Түрксіб (008, 009, 015, 016)
Алатау (010, 015-019, 022-027, 040-042, 044-065)

0,54

V

Жетісу (002, 006-013, 023-037, 043-060, 038-040)
Медеу (014, 036, 050, 917-919, 916, 922, 915, 921)
Түрксіб (001-007, 010-014, 017-100, 901-906)
Алатау (001-008, 011-014, 020, 021, 028-039, 043)

0,50

      IV сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының XIV сессиясының
      төрағасы                            Қ. Қазанбаев

      IV сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы                Т. Мұқашев

IV сайланған             
Алматы қаласы мәслихатының      
2008 жылғы 22 желтоқсандағы    
кезектен тыс XIV сессиясының    
N 166 шешіміне 2 қосымша      

Алматы қаласының жер учаскелеріне
төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициентін
анықтау үшін жерді бағалы аймақтарға бөлу шекаралары

      РҚАО ескертуі: схеманың қағаз нұсқасын Алматы қ. АҚАО қараңыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады