2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында облыс аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 3 сәуірдегі N 86 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әдідет департаменті 2008 жылғы 4 сәуірде N 1668 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011 жылғы 17 қазандағы N 01.04-08/2964 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011.10.17 N 01.04-08/2964 хаты)

      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 Заңы 19 бабы 3 тармағына сәйкес және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылдың 1 сәуірдегі N 563 Жарлығы негізінде облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.

      2.  Қосымшаға сәйкес құрамда облыстық шақыру комиссиясы құрылсын.

      3. Аудандар мен Петропавл қаласының әкімі:
      қорғаныс істері жөніндегі аудандар (қаланың) бөлімдері (басқармасы) арқылы аудан (қала) аумағындағы мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін;
      аудандық (қалалық) шақыру комиссиясын құрсын;
      мыналармен қамтамасыз етсін:
      аудандық, (қалалық) шақыру комиссиясының жұмысы үшін қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерді (басқармаларды) үй-жаймен;
      автомобиль көлігімен және қажетті санда техникалық қызметкерлер бөлуді;
      көрсетілген іс-шараларды орындауға байланысты шығындарды, осы мақсаттарға бөлінген ассигнациялар шегінде, жергілікті бюджет есебінен қаржыландыруды.

      4. Денсаулық сақтау департаменті:
      Петропавл қаласындағы облыстық жинау пунктіндегі медициналық комиссияның жұмысын қамтамасыз етсін;
      шақырушыларды медициналық куәлендіру жөніндегі комиссияны дәрігер-мамандармен, соның ішінде тар саладағы мамандармен толықтырсын;
      шақырту комиссиясымен жіберілген азаматтарды медициналық зерттеу үшін емдеу-профилактикалық мекемелерде орындар көздесін.

      5. Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті мыналарды қамтамасыз етсін:
      ішкі істер департаменті, Петропавл қалалық басқармасы және аудандық ішкі істер бөлімі басшыларының құрамынан лауазымды тұлғаларды облыстық, аудандық (қалалық) шақыру комиссиясының құрамына енгізуді;
      азаматтарды шақыру кезеңінде қорғаныс істері жөніндегі аудандық (қалалық) бөлімдермен (басқармамен) байланысты әрекеттер ұйымдастыруды;
      әскерге шақырушыларды әскери бөлімдерге аттандыру және жіберу уақытында қоғамдық тәртіптік күзетуді;
      азаматтардың шақыру пункттеріне келуіне бақылау жүргізуді, шақырудан жасырынып қалуға жол бермеуді.

      6. Мәдениет департаменті шақыру пункттерінде көркемөнерпаздар ұжымының өнерін және әскери-патриоттық тақырыптарға кинофильмдер көрсетуді ұйымдастырсын.

      7. Дене шынықтыру және спорт басқармасы облыстық жинау пунктінде спорттық-бұқаралық іс-шаралар, шақырылушылардың жалпы даярлығына тексеру ұйымдастырсын.

      8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В.Н.Балахонцевке жүктелсін.

      9. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Облыс әкімі

Облыс әкімдігінің  
2008 жылғы 3 сәуірдегі
N 86  қаулысына қосымша

Облыстық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ

Амангелдиев Талғат
Бекмұратұлы

Солтүстік Қазақстан облысы
Қорғаныс істері жөніндегі
департаментінің бастығы,
комиссия төрағасы,(келісім бойынша)

Мұқатаев Жұмабек Зейнелұлы

Солтүстік Қазақстан облысы
жұмылдыру даярлығы, азаматтық
қорғаныс, апаттар мен
зілзалалардың алдын алу және  жоюды ұйымдастыру жөніндегі басқарманың жұмылдыру даярлығы жөніндегі бөлім бастығы,комиссия төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

Рамазанов Ілияс Оқтайұлы        

Солтүстік Қазақстан облысы
ішкі істер департаменті
бастығының орынбасары

Имбаева Фирая Гумаровна

медициналық комиссияның төрайымы,
1 қалалық емхананың
дәрігер-терапевті

Кривошеева Зоя Ивановна     

облыстық аурухананың
медбибісі, комиссия хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады