Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2008 жылғы 18 наурыздағы N 5/10 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әдідет департаментінде 2008 жылғы 9 сәуірде N 1669 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы мәслихаты аппаратының 2015 жылғы 13 тамыздағы N 2.1-11/280 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы мәслихаты аппаратының 13.08.2015 N 2.1-11/280 хаты).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238 бабы 3 тармағына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына қалалық жағдайда қызметтік осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда 2008 жылға арналған облыстық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыстық мәслихат
Ү сессиясының төрағасы
      Облыстық мәслихат
хатшысының м.а.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады