"Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 30 желтоқсандағы N 506 Жарлығын және "Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 ақпандағы N 137 Қаулысын іске асыру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 27 наурыздағы N 73 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әдідет Департаменті 2008 жылғы 10 сәуірде N 1670 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011 жылғы 17 қазандағы N 01.04-08/2964 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011.10.17 N 01.04-08/2964 хаты)

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148  Заңы 27 бабы 2 тармағына сәйкес, "Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 30 желтоқсандағы N 506 Жарлығын, "Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 ақпандағы N 137 Қаулысын орындау үшін облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Белгіленген оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасы саны 410 отбасы Петропавл қаласы мен облыс аудандары бойынша  1 қосымшаға сәйкес бөлінсін.
      2. Оралмандарды қабылдау және жайғастыру жөніндегі облыстық комиссия құрамы 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      3. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Көші-қон комитетінің басқармасына (келісім бойынша) мыналарды қамтамасыз ету ұсынылсын:
      келген оралмандарды қабылдау және жайғастыру, тіркеу және есепке алу;
      Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіпте жәрдемақы және өтемақы төлеу.

      4. Солтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті мыналарды қамтамасыз етсін:
      оралмандардың әлеуметтік мәселелері мен жұмысқа орналастыруды шешу жөнінде аудандар  және Петропавл қаласы жергілікті атқарушы органдарымен өзара қызмет етуді;
      жаңа кәсіби мамандыққа оралмандарды кәсіби даярлау және оқытуды ұйымдастыруды.

      5. Білім департаменті:
      оралмандардың мектеп жасындағы балаларын оқытумен толық қамту жөніндегі барлық шаралар қабылдасын және қажет болған жағдайда оларды облыс интернаттарына орналастырсын;
      оралмандардың балаларын бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына тарту жөніндегі кәсіби бағдарлау жұмысын тұрақты жүргізсін.

      6. Денсаулық сақтау департаменті:
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес келген оралмандардың медициналық тегін көмекті кепілді мөлшерде алуын қамтамасыз етсін.

      7. Ақжар, Мамлют, Мағжан Жұмабаев және Қызылжар аудандарының әкімі облыстық құрылыс департаментімен бірлесе отырып, оралмандарға арналған жоспарланған тұрғын үйлерді пайдалануға дер уақытта берілуін қамтамасыз етсін.

      8. Аудандар мен Петропавл қаласының әкімі:
      оралмандарды қабылдау және жайғастыруды қамтамасыз етсін, орналастырылған орындарда олардың бейімделуіне жағдай жасасын;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жұмысқа орналастыру, біліктіліктерін арттыру және жаңа кәсіпті игеру, жер учаскелерін беру мәселелерін қатаң бақылауға алсын;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетсін;
      мeктептерде, мектепке дейінгі ұйымдарда және әлеуметтік қорғау мекемелерінде орын қажет еткендерді орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
      оралмандардың балаларына қазақ және орыс тілдерін оқуға барлық қажетті жағдайлар жасасын, оқулықтармен және басқа да көрнекті құралдармен, материалдармен және жабдықтармен толық көлемде қамтамасыз етсін;
      осы қаулының орындалуы туралы оралмандарды қабылдау және жайғастыру жөніндегі облыстық комиссияға 2009 жылдың 15 қаңтарына ақпарат берсін.

      9. Оралмандарды қабылдау және жайғастыру жөніндегі облыстық комиссия аудандар мен Петропавл қаласы әкімінің, облыстық ұйымдар басшыларының оралмандарды қабылдау және жайғастыру мәселелері бойынша есебін кезең-кезеңмен тыңдасын.

      10. Ішкі саясат департаменті облыс жұртшылығын оралмандарды қабылдау және жайғастыру жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы жүйелі түрде хабардар етуді, тақырыптық кездесулер мен хабарлар өткізуді қамтамасыз етсін.

      11. Көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасына (келісім бойынша) 2009 жылдың 20 қаңтарына облыс әкімі аппаратына осы қаулының орындалуы туралы ақпарат беру ұсынылсын.

      12. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары М.К. Мырзалинға жүктелсін.

      13. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Облыс әкімі

Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2008 ж. 27 наурыздағы
N 73 қаулысына N 1 қосымша

Оралмандар отбасын 2008 жылға
Петропавл қаласы және облыс аудандары бойынша бөлу

р/с Аудандар, қала Көшіп келу квотасы

1.

Петропавл қаласы

30

2.

Айыртау

40

3.

Ақжар

40

4.

Аққайың

20

5.

Есіл

35

6.

Жамбыл 

15

7.

М.Жұмабаев

40

8.

Қызылжар

35

9.

Мамлют

30

10.

Ғ.Мүсірепов ат.

20

11.

Тайынша

40

12.

Тимирязев

15

13.

Уәлиханов

35

14.

Шал ақын

15

         Барлығы:

410

Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2008 ж. 27 наурыздағы
N 73 қаулысына N 2 қосымша

Оралмандарды қабылдау және жайғастыру облыстық комиссиясының
құрамы 

Мырзалин Мәлік Кеңесбайұлы

облыс әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы

Рамазанов Нұрлан Қажымұратұлы

Көші-қон Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Бимақов Аманжол Нұркенұлы

Көші-қон Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы, комиссия хатшысы (келісім бойынша)

Комиссия мүшелері:

Бегалин Сағындық Қазиқанұлы

ішкі істер департаменті көші-қон басқармасының бастығы

Воронцова Наталья Геннадьевна

денсаулық сақтау департаментінің бастығы

Сақыпкереев Асқар Жоламанұлы

жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің бастығы

Денкенова Сайран Әбілқайырқызы

білім департаментінің бастығы

Әмрин Кемеңгер Қожахметұлы

"Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры (келісім бойынша)

Қасымов Сәрсенбай Орынбайұлы

"Петропавл қаласының халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша)

Құбаш Асылбек Сайлыбекұлы

ішкі саясат департаментінің бастығы

Мақсұтов Нұрлан Мақсұтұлы

облыс әкімі аппаратының    әлеуметтік-мәдени салалар бөлімінің бас маманы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады