Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің атауын өзгерту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі және мәслихаты 2008 жылғы 5 маусымдағы N 159 қаулысы қабылдады. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 9 шілдеде N 1679 тіркелді.

      Ескерту. Барлық мәтін бойынша "селолық", "селосы" деген сөздері "ауылдық", "ауылы" сөздеріне ауыстырылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 19.04.2016 N 125 бірлескен қаулысымен және Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 19.04.2016 N 2/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық орналасуы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 4) тармақшасына сәйкес, тиісті елді мекендер тұрғындарының пікірлерін есепке ала отырып, Айыртау, Ақжар, Жамбыл, Мағжан Жұмабаев, Қызылжар, Уәлиханов, Шал ақын, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдерінің ұсынысы бойынша, облыстық ономастикалық комиссияның 2007 жылғы 21 қарашадағы оң шешімінің негізінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Келесі елді мекендердің атауы өзгертілсін:
      Айыртау ауданы бойынша:
      Қамсақты ауылдық округіндегі Қызыләскер ауылы Құмтөккен ауылына, Лобанов ауылдық округіндегі Альжанка ауылы Әлжан ауылына;
      Ақжар ауданы бойынша:
      Ұялы ауылдық округіндегі Найдорф ауылы Ақсары ауылына;
      Жамбыл ауданы бойынша:
      Пресноредутск ауылдық округіндегі Западное ауылы Нұрымбет аулына;
      Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша:
      Көкалажар ауылдық округіндегі Гавриловка ауылы Көкалажар ауылына;
      Шал ақын ауданы бойынша:
      Аютас ауылдық округіндегі Чапаевское ауылы Мерген ауылына; Октябрь ауылдық округіндегі Октябрьское ауылы Ұзынжар ауылына;
      Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша:
      Фурманов ауылдық округіндегі Фурмановка ауылы Бәйтерек ауылына;
      Уәлиханов ауданы бойынша:
      Ақтуесай ауылдық округінің Чернигов ауылы Қондыбай ауылына.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 14.06.2017 № 242 қаулысымен және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 14.06.2017 № 14/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы мен шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі С. Билялов
      Облыстық мәслихаттың
ҮІІ сессиясының төрағасы
А. Курленя

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады