"Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының N 6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 19 маусымдағы N 5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 22 шілдеде N 13-1-120 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы N 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 18.01.2016 N 6 шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94-1 Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы "2006-2008 жылдарға Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту Бағдарламасын бекіту жөніндегі" N 553 қаулысына, Петропавл қалалық мәслихатының 2008 жылғы 18 қаңтардағы кезектен тыс төртінші сессиясының "2008-2010 жылдардағы Петропавл қаласындағы тұрғын үй - коммуналдық саладағы Бағдарлама туралы" N 6 шешіміне сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының "Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" N 6 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Аталған шешіммен бекітілген Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелерінде:
      3-1 тармағымен келесі мазмұнда толықтырылсын:
      "3-1. Осы Ереженің 3 тармағына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар отбасылар (тұлғалар), жөндеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін кондоминиумның жалпы мүліктеріне күрделі жөндеуге жұмсалған шығындарға өтем ақы алуға құқығы бар";
      6-1 тармағымен келесі мазмұнда толықтырылсын:
      "6-1. Кондоминиумның жалпы мүліктеріне күрделі жөндеуге кететін шығындарға өтеме ақы алуға құқығы бар отбасылар (тұлғалар), осы Ереженің 6 тармағымен көзделген құжаттардан басқа, қоса беріледі:
      1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің кондоминиум жалпы мүлік объектілерінің күрделі жөндеудің жеке түрлерін жүргізу қажеттілігі туралы қорытындының көшірмесі;
      2) тұрғын үй иесімен, жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын тұрғын үй иелері кооперативімен және ұйыммен, кондоминиумның жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге өзара жасалған шарттардың көшірмесі.
      3) кондоминиумның жалпы мүлкіне күрделі жөндеу бойынша жүргізілген жұмыстардың қабылдау - табыс ету актілерінің көшірмесі;
      4) кондоминиум басқармасынан өтініш берушінің кондоминиумның жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге кеткен нақты шығындары туралы анықтама".
      12-1 тармағымен келесі мазмұнда толықтырылсын:
      "12-1. Күрделі жөндеуге кеткен нақты шығындарды төлеу екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелері арқылы төленеді немесе "Қазпошта" АҚ филиалында есептелген сомалар алушылардың есеп шотына аудару жолымен жүргізіледі".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарыққа шыққан күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
      Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
А. Фомин
      Қалалық мәслихат хатшысы Р. Сыздықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады