Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2009.06.15 N 662 Қаулысымен
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңының 7-бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 231-І Заңының 28-бабына, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2001 жылғы 19 шілдедегі "Қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздардың кәсіби дайындығын, біліктілігін арттыру және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі ережені бекіту туралы" N 38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 28 мамырдағы N 57 қаулысының 7-тармағы 21) тармақшасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қала әкімдігінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 2083 қаулысына (2008 жылғы 22 қаңтардағы мемлекеттік тізілімде тіркелген N 13-1-110, "Проспект СК" газетінің 2008 жылғы 8 ақпандағы N 7 саны, "Қызылжар нұры" газетінің 2008 жылғы 8 ақпандағы N 6 саны) қаулыға енгізілген Петропавл қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 22 ақпандағы "Петропавл қаласының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы "Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 2083 қаулысына өзгертулер енгізу туралы N 256 (2008 жылғы 26 наурыздағы N 13-1-114 мемлекеттік тіркелімде тіркелген, "Проспект СК" газетінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі N 15 саны, "Қызылжар нұры" газетінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі N 14 саны) өзгертулермен, келесі өзгертулер енгізілсін:
Аталған қаулымен бекітілген "Қоғамдық жұмыстардың түрлері бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері, еңбекақы мөлшерлері қосымшасында;
1) мына мазмұндағы 12 жолмен толықтырылсын:
"Кәсіпорынның атауы" бағаны "12. Шаруашылық жүргізу құқығындағы Петропавл қаласы әкімдігінің "Жылжымайтын мүлікті түгендеу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны" сөздерімен;
"Ай сайынғы жұмыс орындары" бағаны "20" санымен;
"Қоғамдық жұмыстардың түрлері" бағаны "Республикалық және өңірлік қоғамдық науқандар (халық санағын) өткізуге қатысу сөздерімен;
"Разряды" бағаны "G - 14";
"Коэффициенті" бағаны "1,43".
2) "Жиынтығы" жолдағы "Ай сайынғы жұмыс орындары" бағанындағы "332" саны "352" санымен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімдігінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарыққа шыққан күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Қала әкімінің м.а. Т. Құлжанова