Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Психоневрологиялық дәрігерлік-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 1981 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 8 қыркүйектегі N 1519 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 9 қазанда N 13-1-125 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1825 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2012.08.31 N 1825 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213-І Заңының 28-бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Психоневрологиялық дәрігерлік-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 1981 қаулысына (2008 жылғы 11 қаңтардағы мемлекеттік тізілімде тіркелген N 13-1-103, "Проспект СК" газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы N 5-6 сандарында, "Қызылжар нұры" газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы N 5 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      12 тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "12. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) ата-анасының (заңды өкілдердің) немесе медициналық ұйымның қолдаухаты бойынша;
      2) жеке куәлік;
      3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі берілгені туралы куәлік;
      4) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлік;
      5) медициналық карта;
      6) амбулаторлық картаның көшірмесі;
      7) мүгедектігі жөніндегі анықтаманың көшірмесі;
      8) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан жазылған үзіндінің көшірмесі;
      9) тұлғаны іс-әрекетке қабілетсіз деп тану туралы соттың шешімі (бар болғанда).
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, жұмыс және қабылдау кестесі: дүйсенбіден жұмаға аралығында (жұманы қоса) сағат 9.00- ден сағат 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда, 35 үй, N 10, N 11, N 12, телефондары: 34-45-70, 31-11-27.";
      16 тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "16. Қызмет көрсетудің тәсілі - баланың ата-аналары (заңды өкілдері) немесе медициналық ұйымдардың қолдаухаты.
      Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі мына мекен-жай бойынша беріледі: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35, N 11, N 12 кабинеттер.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімінің м.а.                Т. Құлжанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады