Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің тістерін протездеуге әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 1979 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 8 қыркүйекте N 1518 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 9 қазанда N 13-1-126 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1825 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2012.08.31 N 1825 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213-І Заңының 28-бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің тістерін протездеуге әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 1979 қаулысына (2008 жылғы 11 қаңтардағы мемлекеттік тізілімде тіркелген N 13-1-107, "Проспект СК" газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы N 5-6 сандары, "Қызылжар нұры" газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы N 5 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      7 тармақтағы "отыз күнтізбелік" сөзі "он" сөзімен ауыстырылсын;
      12 тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "12. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) өтініш;
      2) жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) дәрежесін растайтын құжаттың көшірмесі;
      4) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
      5) тістерін протездеу бағасы туралы ұйымнан шот - фактура.
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс және қабылдау кестесі: дүйсенбіден жұма аралығында (жұманы қоса) сағат 9.00. - ден 18.00.-ге дейін, үзіліс сағат 13.00.-ден 14.00.- ке дейін, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35, N 10, N 11, N 12 кабинеттер, телефондар: 34-45-70, 31-11-27.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау  қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімінің м.а.                  Т. Құлжанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады