Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2012.08.31 N 1825 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213-І Заңының 28-бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Тұрғын үй көмегін тағайындау мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 1982 қаулысына (2008 жылғы 11 қаңтардағы мемлекеттік тізілімде тіркелген N 13-1-93, "Проспект СК" газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы N 5-6 сандарында, "Қызылжар нұры" газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы N 5 санында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
12 тармақ мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"Кондоминиумның ортақ мүлігі күрделі жөндеуіне жұмсалған шығынға өтемақы алу құқығы бар отбасылар (тұлғалар), жоғарыда айтылған құжаттардан басқа, қоса тапсырады:
1) кондоминиумның ортақ мүлік нысанына күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жасау туралы тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімі қорытындысының көшірмесі;
2) кондоминиумның ортақ мүлік нысанына күрделі жөндеу жасауға тұрғын үй меншік иелері, тұрғын үй меншік иелері кооперативі және жөндеу жұмыстарын жүргізетін ұйымдар арасында жасалған келісім көшірмесі;
3) кондоминиумның ортақ мүлігі күрделі жөндеу бойынша жүргізілген жұмыстарды тапсыру - қабылдап алу актісінің көшірмесі;
4) кондоминиумның ортақ мүлік нысанына күрделі жөндеу жүргізгені үшін өтініш берушінің нақты шығындары туралы кондоминиум басқарушысының анықтамасы.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімінің м.а. Т. Құлжанова