Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 1973 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 8 қыркүйектегі N 1521 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 9 қазандағы N 13-1-139 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1825 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2012.08.31 N 1825 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының»"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213-І Заңының  28-бабына сәйкес, қала әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Петропавл қаласы әкімдігінің»"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"»мемлекеттік мекемесінің»"18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау"»мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы"»2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 1973  қаулысына (2008 жылғы 11 қаңтардағы мемлекеттік тізілімде тіркелген N 13-1-98,»"Проспект СК" газетінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 4 санында,»"Қызылжар нұры" газетінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 4 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      6 тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "Мемлекеттік қызмет көрсетіледі: отбасының жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себеті бағасынан төмен 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға.";
      16 тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "16.Қызмет көрсету тәсілі - жеке баруы. Ата-анасының, қамқоршыларының немесе қорғаншыларының бірі бару мүмкіндігі болмаған жағдайда, белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде ата-аналар, қамқоршылар немесе қорғаншылар жәрдемақы тағайындау туралы өтінішпен басқа тұлғалар жүгінуін уәкілетті етуге құқылы."
      Мемлекеттік қызмет көрсету (көрсетпеу) туралы хабарлама поштамен жіберіледі немесе Казахстанская правда көшесі, 35 мекенжайы бойынша:»"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"»мемлекеттік мекемесі N 31, N 19 кабинеттерге өзі барады."
      18 тармақтың 3)тармақшасындағы»тоқсан сайын»сөздері»ай сайын» сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қала әкімінің м.а.                        Т. Құлжанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады