Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 1970 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 8 қыркүйектегі N 1517 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 9 қазандағы N 13-1-140 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1825 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2012.08.31 N 1825 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының»"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213-І Заңының  28-бабына сәйкес, қала әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Петропавл қаласы әкімдігінің»"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"»мемлекеттік мекемесінің»"Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу"» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы"»2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 1970   қаулысына (2008 жылғы 11 қаңтардағы мемлекеттік тізілімде тіркелген N 13-1-102,»"Проспект СК"»газетінің 2008 жылғы  25 қаңтардағы N 4 санында,»"Қызылжар нұры"»газетінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 4 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      7 тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - құжаттар тапсырған сәттен бастап жиырма күн мерзімінде қабылданады, бірақ қосымша сұратулар, тексеру жасау қажет болған жағдайда, төраға істер макетін қарау мерзімін бір айдан кем емес уақытқа ұзартуы мүмкін."
      12 тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "12. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттар;
      3) тұрғылықты жерін куәландыратын құжаттар;
      4) салық төлеушінің тіркеу нөмірін беру туралы куәлік;
      5) әлеуметтік жеке код беру туралы уақытша куәлік;
      6) жинақ кітапшасы немесе өтемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымнан келісім;
      7) 1949-дан 1965, 1966-дан 1990 жылдарды қоса алған аралықтағы Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақ полигоны аумағында тұрғаны туралы тұрған кезеңін (жұмыс, әскери қызмет) және фактісін айғақтайтын құжаттар (мұрағат анықтамалары, селолық, поселкелік (ауылдық) Халық депутаттар кеңесінің, тұрғын үй-пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, поселке, ауыл (село) округтарының, пәтер меншік иелері кооперативінің анықтамалары; еңбек кітапшасы, оқу орнын бітіргені туралы диплом, әскери билет, тууы туралы куәлік, әскери билет, орта білімі туралы аттестат, негізгі мектеп бітіргені туралы куәлік).
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"»мемлекеттік мекемесінің жұмыс және қабылдау кестесі: дүйсенбіден жұма аралығында (жұманы қоса) сағат 9.00. - ден 18.00.-ге дейін, үзіліс сағат 13.00.-ден 14.00.-ке дейін, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы,    Казахстанская правда көшесі, 35, N 10, N 11, N 12 кабинеттер, телефондар: 34-45-70, 31-11-27."
      16 тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "16) Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілі - жеке баруы. Азаматтардың өздері баруға мүмкіндігі болмаған жағдайда, белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде олар жәрдемақы төлеу туралы өтінішпен және қажетті құжаттармен жүгінуге басқа тұлғаларды уәкілет етуге құқылы.
      Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі мына мекен-жай бойынша беріледі: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35, N 11, N 12 кабинеттер."

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қала әкімінің м.а.                 Т. Құлжанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады