"Қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы N 26 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 11 наурызда N 13-2-67 тіркелді. Күші жойылды - Аққайың аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 20 желтоқсандағы N 256 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Аққайың аудандық әкімдігінің 2009.12.20 N 256 Қаулысымен

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 37 бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 Заңының 15-1 бабына,«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына, «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулыларына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының  басшысына жүктелсін.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған кезден бастап күнтізбелік 10 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Шушамоин

Аққайың ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 31 қаңтардағы
№ 26 қаулысына
қосымша

«Қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің 2005 жылғы 16 тамыздағы № 28-г Бұйырығымен бекітілген «Ауылдық (селолық), кенттік округтердегі шаруашылық есептің» № 1 нысанына келісті тұтынушының қосалқы шаруашылығы бар екендігін растайтын анықтама болып табылады.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35 бабы 1 тармағының 2 тармақшасына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылы 27 қарашадағы № 107 Заңының 15-1 бабына, «Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына, «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558қаулысының негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызметті мемлекеттік мекемелер көрсетеді:
      1) «Аралағаш селолық округі әкімінің аппараты», заңды мекен-жайы: 150308, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Аралағаш селосы, жұмыс телефоны 2-34-35;
      2) «Астрахан селолық округі әкімінің аппараты», заңды мекен-жайы: 150301, Солтұстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Астраханка селосы, жұмыс телефоны 2-93-33;
      3) «Власовка селолық округі әкімінің аппараты», заңды мекен-жайы: 150302, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Власовка селосы, жұмыс телефоны 2-75-39;
      4) «Григорьевка селолық округі әкімінің аппараты», заңды мекен-жайы: 150310, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Трудовое селосы, жұмыс телефоны 2-43-43;
      5) «Ивановка селолық округі әкімінің аппараты», заңды мекен-жайы: 150304, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Ивановка селосы, жұмыс телефоны 2-53-66;
      6) «Қиялы селолық округі әкімінің аппараты», заңды мекен-жайы: 150305, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Қиялы селосы, жұмыс телефоны 2-55-32;
      7) «Лесной селолық округі әкімінің аппараты», заңды мекен-жайы: 150306, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Ленинское селосы, жұмыс телефоны 2-94-48;
      8) «Полтавка селолық округі әкімінің аппараты», заңды мекен-жайы: 150307, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Полтавка селосы, жұмыс телефоны 2-63-16;
      9) «Смирнов селолық округі әкімінің аппараты», заңды мекен-жайы: 150300, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново селосы, 9 Май көшесі, 67 үй, жұмыс телефоны 2-13-90;
      10) «Тоқшын селолық округі әкімінің аппараты», заңды мекен-жайы: 150309, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Тоқшын селосы, жұмыс телефоны 2-66-13;
      11) «Шағалалы селолық округі әкімінің аппараты», заңды мекен-жайы: 150311, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Шағалы селосы, жұмыс телефоны 2-35-23;
      12) «Черкасс селолық округі әкімінің аппараты», заңды мекен-жайы: 150312, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Черкасское селосы, жұмыс телефоны 2-33-23.
      5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді  аяқтау нысаны (нәтижесі) қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы анықтама болып табылады.
      6. Сәйкес селолық округ аумағында тұратын шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын және азаматтығы жоқ адамның iшкi iстер органдарында тiркелгенi туралы белгiсi бар шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық органдары берген оралман куәлiгi барларға көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген сәттен) қызмет алу үшін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері – 20 минут;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде (тіркеу) кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 20 минут;
      3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде анықтама алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 20 минут.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат ресми ақпарат көздерінде және селолық округ әкімдері аппараттарының үй-жайларында орналасқан (4 тармақта көрсетілген мекен-жай бойынша).
      10. Селолық округ әкімдері аппараттарының жұмыс кестесі: күнделікті сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.30-дан 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі. Қызметті алу үшін алдын ала жазылу қарастырылмаған.
      11. Мемлекеттік қызмет селолық округ әкімдері аппараттарының үй-жайларында көрсетіледі. Үй-жайларда өрт қауіпсіздігі сақталған, күтудің және қажетті құжаттарды дайындаудың қолайлы жағдайлары жасалған (тағандарда мемлекеттік қызмет алу тәртібі, құжаттар үлгілері орналасқан).

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы төмендегідей құжаттарды ұсыну қажет:
      1) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат;
      2) ветеринарлық паспорт, селолық округтің мал дәрігерімен беріледі.
      13. Мемлекеттік қызмет алу үшін өтініштер мен бланкілерді толтыру қажет етілмейді.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар сәйкес селолық округ әкімі аппаратының бас маманына тапсырылады.
      15. Тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні көрсетілген Мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналы тұтынушының мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат болып табылады.
      16. Қызмет көрсету нәтижесі туралы тұтынушы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік мекемеге жеке бару арқылы біледі.
      Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесін тұтынушыға сәйкес селолық округ әкімі аппаратының бас маманы береді.
      17. Тұтынушы 12 тармақта көрсетілген құжаттарды тапсырмаған кезде мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартылу мүмкін.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуді тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын мынадай жұмыс қағидаттарына негізделеді: сыпайылық, әдептілік, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғауын және құпиялылығын қамтамасыз ету, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметкерлердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағым дайындауға жәрдем көрсету үшін тұтынушы жоғары тұрған ұйымға: Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданының әкімдігі, заңды мекен-жайы: 150300, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново селосы, Народная көшесі, 50, электрондық пошта мекен-жайы: akkain-akimat@sko.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (71532) 2-12-77.
      22. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауы: Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданының әкімдігі, заңды мекен-жайы: 150300, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново селосы, Народная көшесі, 50, электрондық пошта мекен-жайы: akkain-akimat@sko.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (71532) 2-12-77.
      23. Шағым берген кезде, оны Жеке тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналында тіркегеннен кейін шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орын, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

6. Байланыс ақпараты

      24. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің байланыс деректері және жұмыс кестесі осы Стандарттың 4 және 10 тармақтарында көрсетілген.
      25. Шағымды қанағаттандырмаған жағдайда, лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы шағымды қарастыратын мемлекеттік органдарының байланыс деректері:
      Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, заңды мекен-жайы: 150000, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, электрондық пошта мекен-жайы: akimat@sko.kz

«Қосалқы шаруашылығының бар екендігі
туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына қосымша

Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсет-
кіштің
норматив-
тік мәні

Көрсеткіш-
тің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіш-тің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

99

99

99

1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)

99

99

99

2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

95

95

95

2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және тағы басқасы) % үлесі

100

100

98

3. Қол жетімділік

3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

95

95

95

3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % үлесі

95

95

95

3.3. интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % үлесі

0

0

0

4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)

5

5

5

4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)

100

100

100

4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90

90

90

4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90

90

90

5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

95

95

95

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады