Аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметкерлердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының Тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайын аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 11 сәуірдегі N 80 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайын ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 6 мамырдағы N 13-2-75 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 18 қарашадағы N 276 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 18.11.2013 N 276 қаулысымен (алғаш ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 15 мамырдағы № 231 Еңбек кодексінің 238-бабы 3-тармағына, және «Қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметкерлердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін келісу туралы» аудандық мәслихат сессиясының 2008 жылғы 6 наурыздағы № 4-4 шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметкерлердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.М. Нұркеновқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған кезден бастап күнтізбелік 10 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                      А. Шушамоин

Аққайың ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 11 сәуірдегі
№ 80 қаулысымен
бекітілді

Аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметкерлердің  жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар және ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт  мамандары лауазымдарының
Тізбесі

      1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдар:
      1) әлеуметтік көмек үйінде бөлімінің  меңгерушісі;
      2) күту бойынша әлеуметтік жұмысшы;
      3) әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші.
      2. Білім мамандарының лауазымдар:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары (оның ішінде бірінші), оның ішінде мектепке  дейінгі мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын
      2) мұғалім;
      3) социолог;
      4) психолог;
      5) тәрбиеші;
      6) музыкалық жетекші;
      7) нұсқаушы;
      8) әдістемелік кабинеттің жетекшісі;
      9) әдістемеші;
      10) шебер;
      11) дәрігер;
      12) оқытушы;
      13) медициналық бике;
      14) емдәм бикесі;
      15) вожатый;
      16) кітапхананың, интернатының, шеберхананың меңгерушісі.
      3. Мәдени мамандарының лауазымдар:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары (оның ішінде бірінші);
      2) бөлімше басшысы;
      3) кітапхананың, мәдениет үйінің меңгерушісі;
      4) әдістемеші;
      5) кітапханашы, аға кітапханашы;
      6) библиограф;
      7) режиссер;
      8) аккомпаниатор;
      9) мәдени ұйымдастырушы;
      10) хореограф.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады