"Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделу үшін әлеуметтік көмек ұсыну ережесін бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 254 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 8 шілдедегі N 159 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 24 шілдедегі N 13-2-84 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 20 сәуірдегі N 02.03.03-29/369 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының 2012.04.20 N 02.03.03-29/369 хаты)

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына, «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар құрылымындағы өзгерістер туралы» Аққайың ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 25 желтоқсандағы № 237 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделу үшін әлеуметтік көмек ұсыну ережесін бекіту туралы» аудан әкімдігінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 254 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілер реестрінің аумақтық бөлімінде 2005 жылғы 11 ақпанда 1483 нөмірімен тіркелді және 2005 жылғы 4 маусымдағы № 6 «Аққайың», 2005 жылғы 19 наурыздағы № 21 «Колос» газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
      Ереженің 1 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын: «1. Осы Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделу үшін әлеуметтік көмек ұсыну ережесі (бұдан әрі – Ереже) азаматтардың жекелеген санаттарына санаторияларда, профилакторияларда және пансионаттарда тегін санаторлық-курорттық емделуден өту үшін әлеуметтік көмек ұсыну тәртібі мен шарттарын регламенттейді;
      Ережеде барлық мәтін бойынша «Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі» сөздері «Аққайың аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі» сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.М. Нүркеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған кезден бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің                             м.а. А. Шушамоин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады