"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2008 жылғы 21 қаңтардағы N 9 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 26 маусымдағы N 223. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 14 қарашада N 13-2-91 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 20 сәуірдегі N 02.03.03-29/369 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының 2012.04.20 N 02.03.03-29/369 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 37-бабына,«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғы үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» аудан әкімдігінің 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 9 қаулысына (Нормативтік құқықтық реестрде 13-2-68 нөмірімен тіркелді және 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 8-11 «Аққайың» 2008 жылғы 3 сәуірдегі «Колос» газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғы үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күщіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған кезден бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Шушамоин.

2008 жылғы 15 қазандағы № 223
Аққайың ауданы әкімдігінің
қаулысына қосымша

2008 жылғы 21 қаңтардағы № 9
Аққайың ауданы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Берілген стандарт мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою тәртібін белгілейді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету «Тұрғын үй қатынастары туралы»
Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 71 бабы 1 тармағының негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі, заңды мекенжайы: 150300, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирнов селосы, Труда көшесі 16.
      5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны әрекеттегі заңдылыққа
сәйкес есепке алғандығы немесе есепке қоюдан бас тарту туралы хатты беру болып табылады.
      6. Берілген қызмет Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы аймағында (тұру мерзімінен тәуелсіз) әрқашанда тұратын тұрғын үйге
мұқтаж азаматтарға және келесі нысандарға жататындарға көрсетіледі:
      1) тұрғындардың әлеуметтік қорғалатын дәулетсіз ( Ұлы Отан
соғысына қатысушылар мен мүгедектер және де оларға теңестірілген 1
және 2 топ мүгедектері (өздері қылмыс жасағанның нәтижесінде өздері
мүгедек болған тұлғаларды қоспағанда), мүгедек балалары бар немесе
мүгедек балалар тәрбиеленетін жанұялар, көпке созылған кейбір аурулардың ауыр түрлерінен зардап шегетін тұлғалар, белгіленген
заңдылықтың тәртібімен бекітілген аталған аурулармен ауыратын жас бойынша зейнеткерлер, жиырма жасқа толмаған жетім балалар, кәмелеттік жасқа толғанша дейін ата-аналарынан айрылғандар (бұларды әскери
қызметке шақырғанда жас шұғыл әскери қызметті өтеу мерзіміне
ұзартылады), оралмандар, табиғи және техногенді сипаты бар шұғыл
жағдайлар, экологиялық зардаптардың нәтижесінде тұрғын үй қорынан айрылғандар, көп балалы отбасылар, адам өмірін құтқарған кезде мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындағанда, құқықтық тәртіпті қорғағанда  қайтыс болған адамдардың жанұялары, толық емес жанұялар.
      2) мемлекеттік қызметкерлерге, бюджеттік ұйымдардың жұмысшыларына, әскери қызметтегілерге және мемлекеттік сайлау лауазымдар бар тұлғаларға.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету келесі мерзімде беріледі:
      1) мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі арыз берушімен 30
күнге талон алғаннан кейін;
      2) мемлекеттік қызмет көрсетуді алуға қажет құжаттарды
тапсырғанда кезектегі күтудің ең ұзақ уақыты 10 минут;
      3) құжаттарды алғанда кезектегі ең ұзақ уақыты 10 минут;
      8. Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартының міндетті орналасу орны: Аққайың ауданы әкімдігінің нормативті-құқықтық актілерін жариялауға рұқсат алған жергілікті мерзімді баспалар, Аққайың ауданы әкімдігінің ak.sko.kz сайты және келесі мекенжай бойынша Солтүстік
Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирнов селосы, Труда көшесі 16 орналасқан: «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің фойесі.
      10. Мемлекеттік қызмет аптасына бес күн көрсетіледі, жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00. сағаттан 18.30. сағатқа дейін, үзіліс 12.30 сағаттан 14.00. сағатқа дейін. Қабылдау кезек
тәртібі бойынша алдын-ала жазылусыз және жылдамдатылған қызмет көрсетусіз жүргізіледі.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін  «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты қажет құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгісімен көрнектелген, құжаттарды толтыру үшін орны бар.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін азаматтар келесі құжаттарды тапсырады:
      1) белгіленген нысан бойынша кезекке қою туралы өтініш, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен, келесі мекен-жай бойынша: Аққайың ауданы, Смирнов селосы, Труда көшесі 16 беріледі, жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00. сағаттан 18.30. сағатқа дейін, үзіліс 12.30 сағаттан 14.00.
сағатқа дейін, телефон 2-20-35;
      2) азаматтарды тіркеу кітабы, Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы бойынша әділет басқармасымен, келесі мекенжай бойынша Аққайың ауданы, Смирнов селосы, Труда көшесі 11 беріледі, жұмыс кестесі: 9.00. сағаттан 18.00. сағатқа дейін, үзіліс 13.00 сағаттан 14.00. сағатқа дейін, телефон 2-20-23;
      3) меншіктік құқығы негізінде жататын арыз берушіде және оның бірге тұратын жанұя мүшелерінде тұрғын үй жоқтығын растайтын
анықтама, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы бойынша әділет басқармасымен келесі мекен-жай бойынша Аққайың ауданы, Смирнов селосы, Труда көшесі 11 беріледі, жұмыс кестесі: 9.00. сағаттан 18.00. сағатқа дейін, үзіліс 13.00 сағаттан 14.00. сағатқа дейін, телефон 2-20-23;
      4) арыз беруші (жанұясы) әлеуметтік қорғалатын азаматтарға жататындарын растайтын әлеуметтік қорғау органының анықтамасы,
Аққайың аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімімен келесі мекен-жай бойынша: Аққайың ауданы, Смирнов селосы, 9 май көшесі беріледі, жұмыс кестесі 9.00. сағаттан 18.30. сағатқа дейін, үзіліс 12.30 сағаттан 14.00. сағатқа дейін, телефон 2-12-65, немесе мемлекеттік қызметкердің, бюджеттік ұйым жұмысшысының, әскери қызметшінің жұмыс орнынан (қызметінен) анықтама;
      5) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, қажет жағдайда арыз беруші басқа тұлғаларды жанұя мүшелері деп таныған жергілікті атқарушы органдардың анықатамасын тапсырады,
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен келесі мекен-жай бойынша: Аққайың ауданы, Смирнов селосы, Труда көшесі 16 беріледі, жұмыс кестесі: 9.00. сағаттан 18.30. сағатқа дейін, үзіліс 12.30 сағаттан 14.00. сағатқа дейін, телефон 2-20-35;
      6) қажет жағдайда, арыз беруші денсаулық сақтау мемлекеттік мекемесімен берілген толықша тұрғын үй бөлмесіне құқығы бар жанұяда ауыр нысанды аурумен ауыратын мүше бар екендігі туралы анықтама тапсырады, анықтама Аққайың аудандық емханамен беріледі келесі мекен-жай бойынша: Аққайың ауданы Смирнов селосы Молодежная көшесі 6 беріледі, жұмыс кестесі: 9.00. сағаттан 18.00. сағатқа дейін, үзіліс 13.00 сағаттан 14.00. сағатқа дейін, телефон 2-19-03;
      13. Өтініштердің нысаны Аққайың аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен беріледі.
      14. Толтырылған және оған қосымша берілген құжаттар Аққайың аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманына, келесі мекенжай бойынша:
Аққайың ауданы, Сирнов селосы, Труда көшесі 16 тапсырылады.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін қажет құжаттардың барлығын тапсырғаннан кейін мемлекеттік қызметтің тұтынушысына
қабылдау күні мен орындалу мерзімі, арызды қабылдаған маманның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
      16. Арыз беруші тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы
көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен  пошталық байланыс арқылы немесе жеке келу арқылы қызмет көрстудің нәтижелері туралы жазбаша ескертледі.
      17. Егер де, соңғы бес жыл ішінде азамат өзінің тұрғын үй
жағдайын алдын–ала нашарлатқаны анықталған болса мемлекеттік қызмет
көрсетілмеуі мүмкін:
      1) тұрғын үй ғимаратын ауыстыру арқылы;
      2) Қазақстан Республикасының қандай елді мекенінде болғанына
тәуелсіз тұруға жарамды тұрғын үйден бас тартқанда;
      3) оның кінәсі бойынша тұрғын үйді бұзу немесе бүлдіру арқылы;
      4) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді бергеннен кейін
үйге мұқтаж болмаған;
      5) басқа тұлғалардың кіруі, жұбайынан, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балалары бар, және еңбекке жарамсыз ата-аналар
болған жағдайда.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің әрекеті мемлекеттік қызмет көрсетудің
тұтынушысына сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын
қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттық қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік
көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның
мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметкерлердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштері жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне)  шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағымды дайындауға көмектеседі
«Аққайың аудандық коммуналдық тұрғын үй шаруашылығы, жолаушы көлігі
және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, келесі мекен-жай бойынша 150300, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирнов селосы, Труда көшесі 16, телефон 2-20-35 мен Аққайың ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-кадрлар жұмысы бөлімінің бастығы, келесі мекен-жай бойынша: Смирново селосы, Народная көшесі 50, телефон 2-21-90.
      22. Шағым жазбаша пошта арқылы, қолма қол немесе электронды пошта мекен-жайына жіберіледі:
      1) «Аққайың аудандық коммуналдық тұрғын үй шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығына, мекен-жай бойынша: 150300, Солтүстік Қазақстан облысы,
Аққайың ауданы, Смирново селосы, Труда көшесі 16, телефон 2-20-35.
      2) Аққайың ауданының әкіміне, мекен-жай бойынша: 150300,
Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново селосы, Народная көшесі № 50, электронды поштаның мекен-жайы: akkain-akjmat@sko.kz, телефон 2-12-77
      23. Шағымды қабылдау мен оны қарау мерзімі мен берілген шағымға жауапты алу орны қарастырылатын уақыты, қабылдаған күні мен орындалу мерзімі, шағымды қабылдағанның тегі мен аты жөні көрсетілген талон болып табылады.

6. Байланыс ақпарат

      24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган басшысының немесе оның жоғарға органының байланыс ақпараты:
      1) «Аққайың аудандық коммуналдық тұрғын үй шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы, мекен-жай: 150300, Солтүстік Қазақстан облысы,Аққайың ауданы, Смирново селосы, Труда көшесі 16, телефон 2-20-35. Жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 12-30-дан 14-00-ге дейін. демалыс күндері сенбі,жексенбі.
      2) Аққайың ауданының әкімі, мекен-жай: 150000, Солтүстік
Қазақстан облысы, Аққайың ауданы Смирново селосы Народная көшесі, 50, қабылдау күндері: аудан әкімі – бейсенбі, сағат 10.00 нан – 12.00 сағатқа дейін: аудан әкімінің орынбасары – сейсенбі, сағат 15.00 –
сағат 17.00. дейін, телефон 2-12-77.
      25. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді алуға кезекте
тұрған тұлғалардың тізімі және соңғы жиырма төрт ай ішінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді алған тұлғалардың тізімі осы тізімде тұратын тұлғалардың талабы бойынша Аққайың аудандық
тұрғын үй шаруашылғы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары
бөлімімен таныстырылу үшін мына мекен-жай бойынша: Аққайың ауданы, Смирново селосы, Труда көшесі 16 беріледі.

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды
тіркеу және есепке алу және
кезекке қою» мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына қосымша

Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мағынасы

Сапа және
қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіш-
тің
нормативтік мәні

Көрсеткіш-
тің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіш-
тің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

99

99

99

1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)

99

99

99

2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

99

99

99

2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс рәсімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және тағы басқасы) % үлесі

99

99

99

3. Қол жетімділік

3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

99

99

99

3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % үлесі

99

99

99

3.3. интернет арқылы қол жетімді қызметтерініњ ақпарат % (үлесі)

99

99

99

4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)

1

1

1

4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)

99

99

99

4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

99

99

99

4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

99

99

99

5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

99

99

99

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады