"Азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 193 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы N 117 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 12 маусымда N 13-3-64 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 18 қаңтарда N 12 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің 2010.01.18 N 12 Қаулысымен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» аудан әкімдігінің 2005 жылғы 19 мамырдағы № 193 қаулысына (құқықтық нормативтік актінің мемлекеттік тіркелу Тізімінде № 13-3-9 тіркелген, 2005 жылғы 24 маусымдағы «Айыртау таңы» газетінде, 2005 жылғы 24 маусымдағы «Айыртауские зори» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету Ережесіндегі 5-тармақ алынсын.
      2. Осы қаулы ресми жарияланған бірінші күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Айнабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады