Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 12 тамыздағы "Қазақ тілі және әдебиетінің озат мұғалімі" грантын бекіту туралы N 179 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 26 тамыздағы N 254 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 6 қазанда N 13-5-85 тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 23 қазандағы № 419 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 23.10.2024 № 419 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Құқықтық нормативтік актілер туралы" № 213-1 Заңының 28-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 12 тамыздағы "Қазақ тілі және әдебиетінің озат мұғалімі" грантын бекіту туралы" № 179 қаулысына (құқықтық. нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 1342 тіркелді, 2004 жылғы 24 қыркүйектегі "Айыртау таңы" және 2004 жылғы 24 қыркүйектегі "Айыртауские зори" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      3-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын: "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі сәйкес келетін жылға ай сайын гранттарды төлеуге аудан бюджетінен қаржы бөлуді қарастырсын;

      4-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын: "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Қазақ тілі және әдебиетінің озат мұғалімі" гранттарын белгілеу туралы Ережеге сәйкес гранттарды төлеуді қамтамасыз етсін.

      5-тармақтағы "Е.С.Қалиев" сөзі "Бүбенеев Қ.Н." сөзімен ауыстырылсын;

      аталған қаулымен бекітілген "Қазақ тілі және әдебиетінің озат мұғалімі" гранттарын белгілеу туралы Ережедегі:

      6-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын: Гранттар ай сайын жұмыс нәтижесі бойынша беріледі;

      аталған қаулымен бекітілген гранттарды төлеуді есептеу алынсын;

      аталған қаулымен бекітілген "Қазақ тілі және әдебиетінің озат

      мұғалімі" гранттарын белгілеу бойынша комиссиясының құрамы қосымшаға

      сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Н. Бүбенеевке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш арнайы жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Е. Айнабеков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады