Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 23 қазандағы № 419 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 24 қазанда № 7814-15 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудны әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің "Ауданның коммуналдық тұрғын үй қорындағы үйлерді пайдаланғаны үшін төлемдердің мөлшерін белгілеу туралы" 2009 жылғы 4 ақпандағы № 22 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-3-92 болып тіркелді);

      2) Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің "Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 12 тамыздағы "Қазақ тілі және әдебиетінің озат мұғалімі" грантын бекіту туралы № 179 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 26 тамыздағы № 254 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-3-85 болып тіркелді).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Айыртау ауданының әкімі М. Мендыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады