"Тұрғын үйді қадағалап ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеу үшін Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның шағын қамсыздандырылған жанұяларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) беру туралы Ережесін бекіту"

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2008 жылғы 18 сәуірдегі N 6-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 13 мамырда N 13-5-69 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 мамырдағы N 13-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 24.05.2013 N 13-2 шешімімен (ресми алғашқы жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі)

      Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6-бабы, “Қазақстан Республикасындағы тұрмыстық қатынастар туралы” Заңының 97-бабы негізінде аудандық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2006 жылғы 13 қыркүйектегі № 30-3 “Тұрғын үйді қадағалапұстау және коммуналдық қызметтерді төлеу үшін Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның шағын қамсыздандырылған жанұяларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) беру туралы Ережесін бекіту” (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-5-32 2006 жылғы 20 қазанда тіркелген, «Новости Приишимья» 2006 жылғы 6 қарашада № 45 саны) келесі өзгерістер енгізу:
      4-тармақта “Тұрғын үйді қадағалап ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеу үшін Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның шағын қамсыздандырылған жанұяларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) беру туралы Ережесі»:
      Тұрғын үйді және коммуналдық қызметтерді пайдаланғандағы төлем ақылар (ауыз сумен қамтамасыз ету, канал жүйесін, жылу мен қамтамасыз ету, электр мен қамтамасыз ету, қоқыс шығару) отбасының барлық кірісінің 15 проценті белгіленеді.
      2. Осы шешімнің орындалуын “Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
      3. Нақты шешім он күнтізбелік күн өткеннен соң ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Аудандық мәслихаттың                         Аудандық мәслихат
      VІ сессиясының төрағасы                      хатшысы
      А. Кобзев                                    Б. Ысқақова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады