Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімдігінің 2009.10.16 N 250 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы қарашадағы № 107 «Әкімдіктің әс жосықтары туралы» Заңының 1, 9-1, 15-1 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы», № 561 «Жеке заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» қаулыларына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Мүгедектер мен зейнеткерлерді медико-санитарлық мекемеге белгілеу үшін құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Алтыншаш Жұлдызбекқызы Тайшабаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Әділет
басқармасына тіркеу үшін жіберілсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М. Тасмағанбетов
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің
2008 жылдың 14 сәуірдегі
№ 95 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты «Мүгедектер мен зейнеткерлерді медико-санитарлық мекемеге белгілеу үшін құжаттар ресімдеу»
1. Берілген стандарт мүгедектер мен зейнеткерлерді медико-санитарлық мекемеге белгілеу үшін құжаттар ресімдеуді анықтайды.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 39 Заңы.
4. Мемлекеттік қызметті «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Қызмет көрсету орны; Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Новоишим селосы, Мектеп, көшесі 19.
5. Мемлекеттік қызметті көрсетудің аяқтау нысанасы мүгедектер мен зейнеткерлерді медико-санитарлық мекемеге белгілеу үшін құжаттар ресімдеу
6. Осы мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
1) Зейнеткерлік жасындағы жалғыз басты кісілерге;
2) Жалғыз басты мүгедектерге;
3) Мүгедек балаларға.
7. Мемлекеттік қызмет келесі мерзімде көрсетіледі:
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қажет құжатарды өткізгеннен кейін - тоғыз күн;
2) Қажет құжаттарды қалыптасқан электронды сұрауға тапсырғанда ең көп берілген күту уақыты - жиырма минөт;
3) Құжат алу үшін кезекте тұрудың ең көп уақыты - жиырма минөт;
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету және керекті құжаттар олардың толтырылуы туралы толық ақпараты «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының залындағы тақтада орналасқан.
10. Мемлекеттік қызмет дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі үзіліс 13.00-ден 14.00-ке дейін қабылдау кезекпен, алдын ала жазылусыз және тез қызмет көрсетіледі.
11. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ғимараттың 2 қабатында орналасқан, онда бөлім мамандарын шақыру түймесі, күту залында орындықтар, ақпарат тақталары орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі.
12. Осы мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші тапсырады:
белгіленген түрдегі өтініш;
жеке төлқұжаты;
медициналық әлеуметтік сараптау комиссиясының берген анықтамасы және мүгедектің жеке оңалту бағдарламасы;
медициналық талдау және дәрігерлік комиссияның қорытындысы;
селолық округтардың әкімдерінің тексеру актісі;
қабілетсіздігі туралы соттың шешімі;
зейнетақының және әлеуметттік жәрдемақының мөлшері туралы анықтама;
тұрғын үй туралы анықтама;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
әлеуметтңк жекелей коды.
13. Бланкілер Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы береді.
14. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті өтініштерді және басқа да құжаттарды «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемеге тапсырады, мекен жайы: Новоишим селосы, Мектеп, көшесі 19, № 3 ші бөлме.
15. Мемлекеттік қызмет алу үшін барлық керекті құжаттарды тапсырғаннан кейін,мемлекеттік қызмет алушыға қабылданған күні және орындалу мерзімі көрсетілген хабарлама тапсырылады.
16. Хабарламаны пошта арқылы жіберіледі немесе мемлекеттік мекемеге жеке келу арқылы мемлекеттік мекеме «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі».
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздері:
1) құжаттардың толық пакеті болмаған жағдайда;
2) ұсынған құжаттардың сәйкессіздігі;
18. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысы адамның конституциялық құқығын сақтау сыпайылық, жауапкершілік көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғауын және құпиялылығын қамтамасыз ету.
19. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмысының қорытындысы тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа, қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
21. Лауазымды тұлғаның әрекетіне шағымдану «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеменің бастығына хабарласу арқылы жүргізіледі, мекен-жайы: Новоишимское селосы, Мектеп көшесі 19, № 1 немесе орынбасарға, № 6 бөлме.
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкіміне Абылай-хан көшесі 28 үй.
Солтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамту жене әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті – Петропавл қаласы, Абай көшесі, 64.
22. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, 1 бөлме, бастығының орынбасары № 6 бөлме;
Электронды пошта: ro_celin@mal.onlihe.kz
Шағым жазбаша түрде пошта арқылы немесе өзінің әкелуімен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қабылдау бөлмесі арқылы жұмыс күндері қабылданады
23. Қабылданған арыз, кісілерден түскен хаттарды, арыздарды өтініштірді тіркейтін журналға жүмыспен қамту жене әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде Заң арқылы бекітілген мерзімде тіркеледі.
Өтініш берушіге арыздың қаралуының қорытындысы туралы жазбаша хабарланады.
24. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының мекен-жайы: Новоишимское селосы, Мектеп көшесі 19, № 1 бөлме.
электронды пошта: ro_ celin@mail.online.kz,
Мекеменің бастығы - телефон 21060, № 1-ші бөлме.
Бастықтың орынбасары – телефон 23009, № 6-ші бөлме.
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі Абылай-хан көшесі, 28
Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, мекен-жайы: Петропавл қаласы, Абай көшесі, 64.
Мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері |
Көрсет- |
Көрсеткіш- |
Көрсеткіш-тің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылығы |
|||
1.1. құжаттарды |
95 |
95 |
95 |
1.2. қызмет алуды |
95 |
95 |
95 |
2. Сапасы |
|||
2.1. қызметті ұсыну |
95 |
95 |
95 |
2.2. құжаттарды |
95 |
95 |
95 |
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. қызметті ұсыну |
95 |
95 |
95 |
3.2. тұтынушы құжаттарды |
95 |
95 |
95 |
3.3. интернет арқылы қол |
0 |
0 |
0 |
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. қызметтің осы түрі |
5 |
5 |
5 |
4.2. белгіленген |
5 |
5 |
5 |
4.3. шағымданудың |
5 |
5 |
5 |
4.4. шағымдану мерзіміне |
5 |
5 |
5 |
5. Сыпайылық |
|||
5.1. қызметкерлердің |
95 |
95 |
95 |