"Ашық туберкулезбен ауыратын азаматтарға қосымша тамақпен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі N 96 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 19 мамырда N 13-5-76 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 16 қазанда N 250 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімдігінің 2009.10.16 N 250 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы қарашадағы № 107 «Әкімдіктің әс жосықтары туралы» Заңының 1, 9-1, 15-1 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы», № 561 «Жеке заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» қаулыларына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Ашық туберкулезбен ауыратын азаматтарға қосымша тамақпен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары  Алтыншаш Жұлдызбекқызы Тайшабаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Әділет басқармасына тіркеу үшін жіберілсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М. Тасмағанбетов

Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің
2008 жылдың 14 сәуірдегі
№ 96 қаулысымен бекітілген

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты «Ашық туберкулезбен ауыратын азаматтарға қосымша тамақпен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу»

1. Жалпы ережелер

      1. Берілген стандарт ашық туберкулезбен ауыратын азаматтарға қосымша тамақпен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеуді анықтайды.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет Белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарды қосымша тамақпен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек көрсету Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 2 мамырдағы «Әлеуметтік көмек тағайындауды облыстың туберкулезге қарсы мекемелерімен айсайынғы берілетін тізімге сәйкес аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жүзеге асырады» № 89 қаулысымен бекітілген Ереженің 4-тармағы негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызметті «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі көрсетеді Новоишимское селосы, Мектеп көшесі 19.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсетудің аяқтау нысанасы ашық туберкулезбен ауратын азаматтарға қосымша тамақпен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетіледі: туберкулезге қарсы тұратын мекемеде ашық топта диспансерлік есепте тұратын туберкулезбен ауыратын азаматтарға.
      7. Мемлекеттік қызмет келесі мерзімде көрсетіледі:
      1) Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қажет құжаттарды өткізгеннен кейін: отыз күн;
      2) Қажет құжаттарды қалыптасқан электронды сұрауға тапсырғанда ең көп берілген күту уақыты: отыз минөт;
      3) Құжат алу үшін кезекте тұрудың ең көп уақыты: отыз минөт;
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету және керекті құжаттар олардың толтырылуы туралы толық ақпараты «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі ғимаратының залындағы тақтада орналасқан. Мекен жайы: Новоишимское селосы, Мектеп көшесі, 19.
      10. Мемлекеттік қызмет дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі, үзіліс 13-ден 14-ке дейін қабылдау кезекпен, алдын ала жазылусыз және тез қызмет көрсетіледі.
      11. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ғимараттың 2 қабатында орналасқан, онда бөлім мамандарын шақыру түймесі, күту залында орындықтар, ақпарат тақталары орналасқан.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі.

      12. Осы мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші келесі құжаттарды тапсырады:
      белгіленген түрдегі өтініш;
      төлқұжаттың көшірмесі;
      тұрған жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
      ашық топта диспансерлік есепте тұрғаны туралы туберкулезге қарсы мекеменің анықтамасы;
      13. Бланкілер Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы беріледі.
      14. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті өтініштерді және басқа да құжаттарды «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемеге тапсырады.
      15. Мемлекеттік қызмет алу үшін барлық керекті құжаттарды тапсырғаннан кейін,мемлекеттік қызмет алушыға қабылданған күні және орындалу мерзімі көрсетілген хабарлама тапсырылады.
      16. Хабарламаны пошта арқылы немесе мемлекеттік мекемеге жеке келу арқылы мемлекеттік мекеме «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мекен-жайы: Новоишимское селосы, Мектеп көшесі 19, № 3-ші бөлме.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздері:
      1) құжаттардың толық пакеті болмаған жағдайда;
      2) ұсынған құжаттардың сәйкессіздігі;

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысы адамның конституциялық құқығын сақтау сыпайылық, жауапкершілік көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғауын және құпиялылығын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмысының қорытындысы тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа, қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5.Шағымдану тәртібі.

      21. Лауазымды тұлғаның әрекетіне шағымдану «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеменің бастығына хабарласу арқылы жүргізіледі, мекен-жайы: Новоишимское селосы, Мектеп көшесі 19, № 1 немесе орынбасарға, № 6 бөлме.
      Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкіміне Абылай-хан көшесі 28 үй.
      Солтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамту жене әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті – Петропавл қаласы, Абай көшесі, 64.
      22. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, 1 бөлме, бастығының орынбасары № 6 бөлме;
      Электронды пошта: ro_celin@mal.onlihe.kz
      Шағым жазбаша түрде пошта арқылы немесе өзінің әкелуімен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қабылдау бөлмесі арқылы жұмыс күндері қабылданады
      23. Қабылданған арыз, кісілерден түскен хаттарды, арыздарды өтініштірді тіркейтін журналға жүмыспен қамту жене әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде Заң арқылы бекітілген мерзімде тіркеледі.
Өтініш берушіге арыздың қаралуының қорытындысы туралы жазбаша хабарланады.

6. Байланыс ақпараты

      24. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының мекен-жайы: Новоишимское селосы, Мектеп көшесі 19, № 1 бөлме.
      электронды пошта: ro_ celin@mail.online.kz,
      Мекеменің бастығы - телефон 21060, № 1-ші бөлме.
      Бастықтың орынбасары – телефон 23009, № 6-ші бөлме.
      Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі Абылай-хан көшесі, 28
Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, мекен-жайы: Петропавл қаласы, Абай көшесі, 64.

Мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына қосымша

Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсет-
кіштің
норматив-
тік мәні

Көрсеткіш-
тің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіш-тің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. құжаттарды
тапсырған сәттен бастап
белгіленген мерзімде
қызметті ұсыну
оқиғаларының пайыз үлесі

95

95

95

1.2. қызмет алуды
кезекте 40 минуттан
аспайтын уақыт күткен
тұтынушылардың пайыз үлесі

95

95

95

2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну
үдерісінің сапасына
қанағаттанған
тұтынушылардың пайыз үлесі

95

95

95

2.2. құжаттарды
лауазымды тұлға дұрыс
ресімдеген жағдайдың
(жүргізілген төлемдер,
есеп айырысулар және
тағы басқасы) пайыз үлесі

95

95

95

3. Қол жетімділік

3.1. қызметті ұсыну
тәртібі туралы сапаға
және ақпаратқа
қанағаттанған
тұтынушылардың пайыз үлесі

95

95

95

3.2. тұтынушы құжаттарды
дұрыс толтырған және
бірінші реттен тапсырған
оқиғалардың пайыз үлесі

95

95

95

3.3. интернет арқылы қол
жетімді қызметтерінің
ақпарат пайыз үлесі

0

0

0

4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі
бойынша қызмет
көрсетілген
тұтынушылардың жалпы
санына негізделген
шағымдардың пайыз үлесі

5

5

5

4.2. белгіленген
мерзімде қаралған және
қанағаттандырылған
негізделген шағымдардың
пайыз үлесі

5

5

5

4.3. шағымданудың
қолданыстағы тәртібіне
қанағаттанған
тұтынушылардың пайыз үлесі

5

5

5

4.4. шағымдану мерзіміне
қанағаттанған
тұтынушылардың пайыз үлесі

5

5

5

5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлердің
сыпайлығына
қанағаттанған
тұтынушылардың пайыз үлесі

95

95

95

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады