Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасарының 10.01.2013 N 02.04.06-11/29 хаты)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Есіл ауданы әкімдігінің «Көшпелі сауданы жүзеге асыратын сауда қызметінің субъектілеріне арнайы бөлінген орындарды белгілеу» (әділет басқармасында мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 25 маусымдағы № 13-6-92 болып тіркелген, «Есіл таңы» газетінде 2008 жылғы 4 шілдеде № 27 (106), «Ишим» газетінде 2008 жылғы 4 шілдеде № 28 (8381) жарияланған)» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 114 қаулысына келесі өзгертулер енгізілсін:
қаулының қосымшасы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш рет ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
З.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Т. Мұқашевка жүктелсін.
Аудан әкімі В. Бубенко
Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 12 тамыздағы
№ 193 қаулысына қосымша
Көшпелі сауданы жүзеге асыратын сауда қызметінің субъектілеріне арналған орындар
№ |
Селолық округ атауы |
Көшпелі сауданы жүзеге асыратын сауда қызметінің субъектілеріне арналған орындар |
1 |
Корнеевка |
Октябрь көшесі мекен-жайы бойынша Гвоздева А.П. ЖК рыногының аумағы (келісім бойынша) |
2 |
Явленка |
Тимофеев көшесі № 19 «а» |