Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданына тұрақты жұмысқа келген дәрігерлер мен жоғары және орта медициналық оқу орындарының түлектеріне біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2008 жылғы 12 тамыздағы N 195 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 4 қыркүйекте N 13-6-98 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 наурыздағы N 47 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2011.03.28 N 47 Қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» 451-007-000 бюджеттік бағдарламасы бойынша Есіл ауданына тұрғылықты тұруға келген дәрігерлер мен жоғары медициналық оқу орындарының түлектеріне бір жолға әлеуметтік көмек ретінде 200 000 (екі жүз мың) теңге көлемінде, ал орта оқу орындарының түлектері үшін 50 000 (елу мың) теңге көлемінде көмек көрсетілсін.
      2. Дәрігерлер мен жоғары және орта медициналық оқу орындарының түлектері «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (одан әрі - уәкілетті орган) бір жолғы әлеуметтік көмек алу үшін тұрғылықты мекенжайы бойынша мынадай құжаттар тапсырады:
      1) белгіленген нысандағы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
      4) жоғары және орта медициналық оқу орындарының түлектері үшін жолдаманың көшірмесі;
      5) жұмыс орнынан анықтама;
      6) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі.
      Бір жолғы әлеуметтік көмекті алуға қажетті құжаттарды салыстыру үшін түпнұсқасы мен көшірмесі бірге ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
      Уәкілетті органның қызметкерлері құжаттар көшірмесін растайды, ұсынылған құжаттармен өтінішті тіркеу журналына тіркейді.
      Уәкілетті орган істерді қалыптастырады және бір жолғы әлеуметтік көмек тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Әлеуметтік көмек көмектің басқа да түрлерінен байланыссыз бір мезгілде тағайындалады.
      Уәкілеттік орган бір жолғы әлеуметтік көмек төлеуге 2 данада тізімдер-тізімдемелер жасайды.
      Бір жолғы әлеуметтік көмек төлеу Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар екінші деңгейлі банктердің филиалдары және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдастыруды қадағалау және реттеу жөніндегі агенттігінің лицензиясы бар «Казпочта» АҚ арқылы азаматтардың есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
      Екінші деңгейлі банктер немесе «Казпочта» АҚ ақылы қызмет көрсетуге жасалған шарт негізінде алушылардың ашылған есеп шоттарына соманы аударуды жүзеге асырады.
      Біржолғы әлеуметтік көмекті төлеу «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» 451-007-000 бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Т. Мұқашевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш рет ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының әкімі                       В. Бубенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады