Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2010.02.02 N 41 Қаулысымен
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17, 20-баптарына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлы-курорттық емделуге әлеуметтік төлеу «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» шығыстардың бюджеттік сыныптамасының 451-007 коды бойынша ұсынылсын.
2. Әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға ұсынылады: Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген азаматтарға,
қайталай некеге тұрмаған Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне;
Ұлы Отан соғысы жылдары және тылдағы мінсіз әскери қызметі және қайсарлық еңбегі үшін бұрынғы Социалистік Кеңес Одағының Республикалары орден және медальдарымен марапатталған тұлғаларға;
барлық санаттағы мүгедектерге;
"Алтын Алқа", "Күміс Алқа" алқасымен марапатталған көп балалы аналарға және "Мать-героиня" атағын алдында алғандарға;
зейнет жастағы саяси қуғынның құрбандарына;
"Социалистік еңбек ері", "Халық Қаһарманы" атағына ие болған, зейнеткерлік жастағы азаматтарға.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Есіл аудандық әкімдігінің 2009.09.21 N 230 Қаулысымен
3. Әлеуметтік төлемдер алу үшін жоғарыда аталған азаматтар "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (ілгеріде - уәкілеттік орган) келесі құжаттарды ұсынады:
белгіленген нысан бойынша өтініш (қосымша);
дәрігер терапевтің қорытындысы
3) 2-тармақта көрсетілген санатқа жататынын растайтын құжаттар көшірмесі
4) арнайы мемлекеттік жәрдемақыны алатынын растайтын зейнетақы және жәрдемақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталықтың аудандық филиалынан анықтама;
5)жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Әлеуметтік төлемді алу үшін қажет құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері салыстырып тексеру үшін бірге ұсынылады, одан соң түпнұсқалары өтініш иесіне қайтарылады.
Уәкілеттік органның жұмысшылары құжат көшірмелерін куәландырады, тіркеу журналында коса берілген құжаттармен өтінішті тіркейді.
Уәкілеттік орган істі түзейді және біржолғы әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындамау туралы шешім кабылдайды.
Әлеуметтік көмек корсету үшін әлеуметтік төлемдер бюджетте қарастырылған қаржы көлемінде әлеуметтік толем алуға құқығы бар тұлғаларға жылына 1 рет, өтінішті тіркеу тәртібі бойынша жүргізіледі.
Уәкілеттік орган әлеуметтік төлемдерге ведомості 3 данада жасайды және екінші деңгейлі банктерге ұсынады.
Біржолғы әлеуметтік көмекті төлеу Қазақстан Республикасы Халық банкінің лицензиясы бар екінші деңгейлі банк филиалдары және Қазақстан Республикасы Агенттігінің қаржы нарығын және қаржы мекемелерін басқару және қадағалау бойынша лицензиясы бар "Қазпошта" АҚ арқылы, азаматтардың жеке шоттарына салу жолымен жүзеге асырылады.
Екінші деңгейлі банктер немесе "Қазпошта" АҚ шарттар негізінде алушылардың жеке шоттарын ашу үшін ақылы қызмет көрсетеді.
4."Есіл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі 451-007-000 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бағдарламасы бойынша Есіл ауданының бюджетімен бекітілген ақша бөлу көлемінде әлеуметтік көмекті қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Мұқашевқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Есіл ауданының әкімі В. Бубенко