Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2010.02.02 N 41 Қаулысымен
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі № 223 қаулысына (2008 жылғы 14 қазанда Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-6-102 болып тіркелген, 2008 жылғы 31 қазандағы № 45(124) «Есіл таңы», 2008 жылғы 31 қазандағы № 46(8399) «Ишим» газеттерінде жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-тармағында «зейнет жастағы мүгедектерге» жолы «барлық санаттағы мүгедектерге» жолымен өзгертілсін.
2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
В. Бубенко