Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт салаларындағы азаматтық қызметшілердің жиырма бес пайызға арттырылған лауазымдық жалақылары мен тарифтік мөлшерлемелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 12/82 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 30 қаңтарда N 13-6-110 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 5 шілдедегі N 18/99 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 05.07.2013 N 18/99 шешімімен

       Казақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы№ 148-І «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен, қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және тарифтік мөлшерлемелерімен салыстырғанда Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мамандарының жиырма бес пайызға арттырылған лауазымдық жалақылары мен тарифтік мөлшерлемелері бекітілсін.
      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                                  Аудандық
      сессиясының төрағасы                    мәслихаттың хатшысы
      Г. Макаров                                   Б. Шериязданов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады