Зейнеткерлік қорларға, ІІМ жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту жөнінде

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 3 маусымдағы N 216 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 4 шілдеде N 13-7-91 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 2 қарашадағы N 264 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2009.11.02 N 264 Қаулысымен

       «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2000 жылғы 27 қарашадағы 9-1-бабының, «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Зейнеткерлік қорларға, ІІМ жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтама беру» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекітілсін.
      2. Жамбыл ауданының білім бөлімі осы қаулыны бөлім қызметкерлерінің оқып білуін ұйымдастырсын және міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      Аудан әкімі                                       Н. Биболаев

Жамбыл ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 3 маусымдағы № 216
қаулысымен бекітілді

«Зейнеткерлік қорларға, ІІМ жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтама беру» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі Стандарты

1. Жалпы ереже

      1. Бұл стандарт зейнеткерлік қорларға, ІІМ жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтама беру тәртібін (ілгеріде – мемлекеттік қызмет) анықтайды.
      2. Мемлекеттік қызметтің нысаны – жарым-жартылай автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан республикасындағы балалар құқығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңының 44-бабының негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызметті «Жамбыл ауданының білім бөлімі» (ілгеріде – Бөлім) көрсетеді, орналасқан мекен-жайы: индексі 150600, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Шайкин көшесі 30, телефон 2-10-39, e-maiI: jambuIskpresnroo@maiI. ru
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нәтижесі – тұтынушы алатын зейнеткерлік қорларға, ІІМ жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтама беру болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға беріледі (ілгеріде – тұтынушы).
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық сауал берген, тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері – 10 күн;
      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезден электрондық сауалды қалыптастыруға кезек күтуге рұқсат берілген ең ұз уақыт – 40 минут;
      3) құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 40 минут.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты туралы ақпарат Бөлімнің ғимаратындағы қабырғада орналасқан, ақпарат аудан әкімінің www.zҺb.sko.kz веб-сайтында, сонымен қатар ресми ақпарат көздерінде жарияланады.
      10. Мемлекеттік қызмет аптасына бес рет, дүйсенбіден жұмаға дейін, жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін ұсынылады, түстік үзіліс сағат 13.00-тен 14.00-ке дейін.
      11. «Жамбыл ауданының білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің ғимаратында күту залдары, өтініштерді, құжаттарды толтыру орындары, қажетті құжаттардың тізімдемесі және толтыру үлгілері бар стенд ұйымдастырылған.
      Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін келесі құжаттарды ұсынады:
      1) Жеке тұлғаның өтініші;
      2) жеке басын растайтын құжат. Осы құжат жоқ болғанда оны тіркелген жері бойынша мына мекен-жайдан алуға болады: Жамбыл ауданы бойынша Петропавл қаласының халыққа қызмет көрсету орталығы, индексі: 150600 Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Горький 10 бұрылысы, жұмыс істеу және қабылдау кестесі: дүйсенбі-жұма жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-дан 18.00-ға дейін, үзіліссіз, сенбі күні сағат 10.00-нан 13.00-ке дейін, телефон 2-29-10;
      3) балалардың тууы туралы куәліктері. Осы құжаттар болмаған жағдайда Жамбыл ауданының әділет Басқармасындағы азаматтардың хал актілерін жазу Бөлімімен алуға болады, мекен-жайы: индексі 150600 Солтүстік қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Горький 10 бұрылысы телефон 2-19-34, жұмыс істеу және қабылдау күндері:
дүйсенбіден жұмаға дейін, жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-дан 18.30-ға дейін, түстікке үзіліс сағат 13.00-тен 14.30-ға дейін;
      4) ата-анасының қайтыс болғандықтары туралы куәлік Жамбыл ауданының әділет Басқармасындағы азаматтардың хал актілерін жазу Бөлімімен алуға болады, мекен-жайы: индексі 150600 Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Горький 10 бұрылысы телефон 2-19-34, жұмыс істеу және қабылдау күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, жергілікті уақыт бойынша;
      5) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының нотариусы беретін мұраға құқығын растайтын құжат;
      6) баланың келісімі, бала он жасқа жеткен жағдайда;
Құжаттардың түпнұсқасы және құжаттарды растайтын қосымшаларымен салыстыру үшін көшірмелері беріледі, кейіннен түпнұсқалары өтініш иелеріне қайтарылады.
      13. Өтініш бланкілері Бөлімнің мамандарымен мына мекен-жайда беріледі: Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Шайкин көшесі 30, e-maiI: jambuIskpresnroo@maiI. ru.
      14. 12 тармақта тізілген құжаттар Жамбыл ауданының білім Бөліміндегі маманға беріледі, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Шайкин көшесі 30, e-maiI: jambuIskpresnroo@maiI. ru.
      15. Барлық қажетті құжаттарын тапсырған өтініш иесіне ұсынған құжаттарын растайтын талон беріледі.
      16. Зейнеткерлік қорларға, ІІМ жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін берілген анықтама тұтынушының «Жамбыл ауданының білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесіне келуімен немесе пошта байланысымен жүзеге асырылады, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Е. Шайкин көшесі 30.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:
      1) өтініш иесінің дұрыс мәліметтерін тапсырмағанда;
      2) осы стандарттың 12 тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырмағанда.

3. Жұмыс принциптері

      18. Селолық округі әкім аппараты қызметкерлерінің қызметі адамның конституциялық құқығын, мемлекеттік міндетін орындау заңдылығын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексін сақтағанда және сыпайылық, жан-жақты толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын қамтамасыз ету, қорғау және құпиялылық принциптерінде жүзеге асады.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Осы мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелері осы стандарттың қосымшасында көрсетілген сапалылық пен қол жеткізушілік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мақсатты маңыздылығымен және мемлекеттік қызметтің қол жетімділігімен бағаланатын Бөлімнің жұмысы жыл сайын арнайы құрылған жұмыс тобымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша туған дағуа, Бөлім қызметкерлерінің әрекетіне шағымдану Жамбыл ауданының білім бөлімі бастығына ұсынылады.
      22. Жамбыл ауданы білім бөлімі бастығының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Жамбыл ауданы әкімінің атына «Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесіне ұсынылады, мекен–жайы: Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі 10, телефон 2-12-32, 2-12-33, zhambiI-akimat@sko.kz.
      Дау мәселелер азаматтық сот өндірісі тәртібімен шешіледі.
      22. Арыз жазбаша түрде поштамен, электр пошта, білім бөлімінің қабылдау бөлімі арқылы жұмыс күндері қабылданады
      23. Шағым өтініштерді есепке алу журналында тіркеледі. Өтініш иесіне шағымның қабылданғанын растайтын, оның қабылданған күні мен уақыты көрсетілген жыртып алынатын талон беріледі.
      Шағым заңнамаларда көрсетілген мерзімде қаралады, өтініш иесіне жауап жазбаша түрде пошта немесе электрондық пошта арқылы жіберіледі.

6. Байланыс ақпараты

      24. «Жамбыл ауданының білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Е. Шайкин көшесі 30, телефон 2-10-39, e-maiI: jambuIskpresnroo@maiI. ru.
      25 Тұтынушыға басқа да пайдалы ақпараттар ауданның wwwһb.zҺb.sko.kz сайтында орналасқан.

«Зейнеткерлік қорларға, ІІМ жол полициясы
комитетінің аумақтық бөлімшелеріне
кәмелетке толмаған балаларға мұраны
ресімдеу үшін анықтама беру»» бойынша
мемлекеттік қызметтің стандартына
Қосымша

Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің
мағынасы

Сапа мен қол жеткізушілік
көрсеткіштері

Көрсеткіш- тердің нормативтік мағынасы

Келесі жыл- дағы көрсет- кіштердің
мақсатты ма-ғынасы

Есеп беру жылындағы
көрсеткіш- тердің
ағымдағы
мағынасы

1

2

3

4

1. Дер кезділік

1.1. құжатты
тапсырған кезден бастап белгіленген мерзімде қызметтер
көрсетудің %(үлесі) жағдайлары

98



1.2. кезекте 40 минуттан астам қызмет көрсетуді пайдалануды күткен тұтынушылар % (үлесі)

85



2. Сапа

2.1. қызмет көрсетулер үрдісінің сапасына қанағаттанған
тұтынушылар % (үлесі)

85



2.2. лауазымды тұлғалармен құжаттарды
дұрыс ресімдеу жағ-дайлары (өндірістік есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

99



3. Қол жеткізушілік

3.1. қызмет көрсету- лер тәртібі туралы
ақпаратқа және оның сапасына қанағаттан- ған тұтынушылар %
(үлесі)

88



3.2. тұтынушылармен
дұрыс толтырылған
және бірден тапсырыл-ған құжаттар жағдай- лары % (үлесі)

77



3.3. Интернет арқылы қол жеткізе алатын
ақпараттар қызметі % (үлесі)

47



4. Шағымдану үрдісі

4.1. іс бойынша
қызмет көрсетілген
тұтынушылардың жалпы санына негізделген
шағымдар % (үлесі)

0,4



4.2. белгіленген мерзімде қаралып және қанағаттандырылып негізделген шағымдар % (үлесі)

99



4.3. шағымданудың
қолданыстағы тәртібі- не қанағаттанған
тұтынушылар % (үлесі)

90



4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылар %
(үлесі)

90



5. Сыпайылық

5.1. персоналдық сыпайылығына қанағат- танған тұтынушылар % (үлесі)

89



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады