Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 4 ақпандағы N 35 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 27 ақпанда N 13-8-56 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 13 наурыздағы N 75 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 13.03.2013 N 75 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, «Атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңына, Қазақстан РЕспубликасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 «Атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру шаралары туралы» қаулысына, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 қазандағы № 239 «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» қаулысына, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 290 өзгерістер енгізілген қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыста белгіленген деңгейден, орташа айлық жан басы табысы кедейлік шегінен төмен, аз қамтамасыз етілген азаматтарға бір айлық көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Әлеуметтік көмек ақшалай ай сайын жергілікті бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі, тағайындау оны алуға өтінген тоқсаннан бастап ағымдағы тоқсанның соңына дейін жүзеге асырылады. Өтінген тоқсан болып қосымша құжаттарымен өтініш берген тоқсан саналады.
      3. 451-007 «Жергілікті уәкілетті органдардың шешімімен жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек» бағдарламасының әкімшісі болып «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.С.Бүйрекбаевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған сәтінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қызылжар ауданының әкімі                          Е. Мәмбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады