Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 қазанда N 239 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет Департаменті 2007 жылғы 19 қазанда N 1655 тіркелді. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 наурыздағы N 62 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 17.03.2014 N 62 Қаулысымен

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы 27-бабы 1-тармағы 17) тармақшасына, "Ең төмен күнкөріс деңгейі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы N 474-1 Заңы 4-бабы 3-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - СҚО әкімдігінің 2009.06.26 N 171 Қаулысымен       
      1. Жан басына шаққанда орташа айлық табысы облыста белгіленген кедейлік шегінен төмен аз қамтамасыз етілген азаматтарға айлық есептік көрсеткіштің бір проценті мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - СҚО әкімдігінің 2007.12.12 N 290 Қаулысымен
      2. Әлеуметтік көмек осы мақсаттарға бөлінген қаражаттандыру шегінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен ай сайын ақшалай нысанда көрсетіледі.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - СҚО әкімдігінің 2009.06.26 N 171 Қаулысымен
      3. Аудандар мен Петропавл қаласының әкімдері:
      аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге қаржы бөлуді көздесін;
      аз қамтамасыз етілген азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындауды және ай сайын төлеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - СҚО әкімдігінің 2007.12.12 N 290 Қаулысымен
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ж.А. Смаиловқа жүктелсін.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - СҚО әкімдігінің 2009.06.26 N 171 Қаулысымен
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады