Қызылжар ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау ережелері туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 20 наурыздағы N 7/12 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 28 сәуірде N 13-8-73 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 18 маусымдағы N 6/6 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихаттың 2012.06.18 N 6/6 Шешімімен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қызылжар аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Қызылжар ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау ережелері бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                            Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                         хатшысы
      А. Рамазанов                                 А. Молдахметова

Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 20 наурыздағы
№ 7/12 шешімімен бекітілген

Қызылжар ауданының елді мекендеріне ауыл шаруашылық малдарын асырап-бағу және жаю ережелері

1. Жалпы ережесі

      1. Осы ереже 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155-11 «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 3311-баптарына, 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-11 «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағы 1) тармақшасына және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес дәйектелді.
      2. Ережелер меншіктің барлық түріндегі жеке және заңды тұлғалармен иттер мен мысықтарды ұстау тәртібін анықтайды.

2. Иттер мен мысықтарды ұстау үшін қойылатын талаптар

      3. Иттер мен мысықтар иелеріне күту үшін қажетті:
      1) санитарлық-гигиеналық және ветеринарлық-санитарлық ережелерін сақтау, олармен жаппай қолдану орындарды ластауын болдырмау;
      2) жануарларды олардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес күту, ізгілікпен қарау, қараусыз қалдырмау, ауырған жағдайда ветеринарлық көмекке уақтылы келу;
      3) қоршаған адамдар мен жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қолдану;
      4) мемлекеттік ветеринарлық мекемелер мамандарының талаптары бойынша уақытылы жануарларды тексеруге, диагностикалық тексеру, алдын алу егулер мен емдеу-алдын алу жұмыстарына әкелу;
      5) коммуналдық пәтерлерде тұру барысында жаппай қолдану орындарында иттер мен мысық ұстамау (ас үйде, баспалдақ алаңында, шатырларда, жер қабаттарында);
      4. Дүкен, емдеу мекемелер, дәріханалар, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары алдында қалдырудан басқа қоғамдық орындарда иттер, мысықтардың қараусыз қалған жануарлар қараусыз деп саналады, олар арнайы қызметтермен ұсталынуға жатады.
      5. Сау емес күйінде иттерді қыдыртуға және олармен бірге қоғамдық орындарында жүруге тыйым салынады.
      6. Әркімнің үй жануарын сатып алуға және сатуға құқығы бар. Мал иесінен тек қана сот шешімі бойынша немесе басқа да тәртіпте Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жағдайда тартып алынады.

3. Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік

      7. Осы ережені бұзған кінәлі жеке және заңды тұлғалар, егер олардың амал-әрекеттері өз құрамы бойынша қылмыстық бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылмаса, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 311-бабына сәйкес жауапқа тартылады.
      8. Осы ережелердің сақталуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамаларында бекітілген тәртіппен мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың сәйкестік органдарымен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады