Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 24 желтоқсандағы N 28-6 "Жиындар мен төлемдердің жеке түрлері бойынша ставкаларды, бір жолғы талондар құнын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 28 наурыздағы N 6-13 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 8 мамырда N 13-9-74 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының 2009 жылғы 1 ақпандағы N 14-2 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 6 мамырдағы «Қазақстан Республикасының «Салықтар мен бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Заңыесепке алынған Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салықтар мен бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 373-бабының 2-тармағына, 391-бабының 1-тармағына және 394-бабына сәйкес, 2008 жылға арналған аудан бюджетінің кірістер бөлігін орындау мақсатында аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 24 наурыздағы № 28-6 «Жиындар мен төлемдердің жеке түрлері бойынша ставкаларды, бір жолғы талондар құнын бекіту туралы» (мемлекеттік тізілімде № 13-9-25 2006 жылғы 17 сәуір тіркелген, аудандық «Вести» газетінде 2006 жылғы 28 шілдедегі № 30, 2006 жылғы 4 тамыздағы № 31 сандарында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы № 28-6 «Жиындар мен төлемдердің жеке түрлері бойынша ставкаларды, бір жолғы талондар құнын бекіту туралы» шешіміне берілген 1-қосымшада «Мағжан Жұмабаев ауданының әрекеттегі нарығында тауар сатумен айналысатын тұлғалар үшін, күн сайынғы сауда үшін айлық есептік көрсеткішпен (АЕК) бір жолғы талондардың ставкалары» таблицасында:
      2-жолда - «Тұрақты тұрғын жайдағы саудадан басқа азық-түлік өнімін бөлшектеп сату» - «Ставкалар» бағанында «13,6» саны «23,5» санымен ауыстырылсын;
      3-жолда - «Тұрақты тұрғын жайдағы саудадан басқа күнделікті тұрмысқа қажет тауарларды бөлшектеп сату» - «Ставкалар» бағанында «9,7» саны «11,1» санымен ауыстырылсын.
      Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 24 наурыздағы № 28-6 «Жиындар мен төлемдердің жеке түрлері бойынша ставкаларды, бір жолғы талондар құнын бекіту туралы» шешіміне берілген «Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне тіркелген жиынтық салықтың бірыңғай ставкалары» 3-қосымшасында
      7-жолда «Бильярд - әр үстел» «Тіркелген жиынтық салықтың ставкалары» бағанында «108,6» саны «250» санымен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім мемлекеттік тіркелген кезден күшіне енеді, бірінші  ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                              Мәслихат хатшысы
      М. Шәкімов                                   В. Гюнтнер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады