Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігінің 2009.11.13 N 217 Қаулысымен
«Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес, аудандық бюджетінен қаржыландыратын мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын көтеру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін «Балаларды патронаттық тәрбиелеуге алуды қалайтын отбасыларынан тапсырыстар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде қоса берілген стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.В. Ганжаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Жұмабеков
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
16 маусымдағы № 186 қаулысымен
бекітілді
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Балаларды патронаттық тәрбиелеуге алуды қалайтын отбасыларынан тапсырыстар қабылдау»
1. Жалпы ережелер
1. Осы стандарт балаларды патронаттық тәрбиелеуге алуды қалайтын отбасыларынан тапсырыстар қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет)
2. Мемлекеттік қызмет көрсету түрі ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылдың 9 қыркүйектегі № 1346 қаулысымен бекітілген,патронат туралы Ережесінің 11 тармағымен, Қазақстан Республикасы 2002 жылдың 8 тамызындағы «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы» Заңының27 бабының 4 тармағымен,Қазақстан Республикасы 1998 жылдың 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» Заңының 119-бабының 2 тармағымен сәйкес көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі баланы асырап алуға тапсыру туралы шарт жасау болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі.(бұдан әрі - тұтынушы)
7. Мемлекеттік қызмет келесі мерзімдерде көрсетіледі:
1) өтініш берушінің қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен бастап көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 15 күнтізбелік күннен көп емес;
2) қажетті құжаттарды тапсыру кезіндегі кезекті күтудегі жіберілетін ең ұзақ уақыты: отыз минөттен көп емес;
3) қажетті құжаттарды алу кезіндегі кезекті күтудегі жіберілетін ең ұзақ уақыты: отыз минөттен көп емес.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің қол жетімділігі және сапасы туралы толық ақпарат аудандық «Нива» баспасында жарияланады және Тимирязев ауданы,Тимирязев селосы,Уалиханов көшесі,№ 7 үйі мекен-жайы бойынша орналасқан «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің фойесіндегі тағанда көрсетілген.
10. Мемлекеттік қызмет сенбі мен жексенбіден басқа, күнде, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін, жедел қызмет көрсетусіз және алдын-ала жазылусыз көрсетіледі.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету орны:Тимирязев ауданы,Тимирязев селосы,Уалиханов көшесі, № 7 үй мекен-жайы бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының білім бөлімі»мемлекеттік мекемесі ғимаратының 2 қабатында орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, жеңілдіктері бар және жеке тұлғаларға қажетті құжаттар мен талаптар тізімі:
1) патронаттық тәрбиеші болуды қалауы туралы тұлғаның өтініші;
2) жеке куәлік;
3) егер патронат тәрбиелеуші болуды қалайтын тұлға некеде тұрған болса, жолдасының келісімі;
4) бала он жасқа толған жағдайда оның келісімі;
5) патронаттық тәрбиелеуші болуды қалайтын тұлғаның денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) патронат тәрбиелеуші болуды қалайтын тұлға некеде тұрған болса, жолдасының денсаулық жағдайы туралы анықтама;
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас мамандары баланы тәрбиелеуге үміткер тұлға мен баланың өмір жағдайларын тексеру актісін жасау үшін бала тұратын үйге барумен тексеруді жүзеге асырады.
13. Тимирязев ауданы,Тимирязево ауылы, Уалиханов көшесі, № 7 үй мекен-жайы бойынша орналасқан «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас мамандарымен мемлекеттік қызметті алу үшін міндетті түрде толтыратын өтініш бланкілер беріледі.
14. Мемлекеттік қызмет алу үшін толтырылған бланкілер «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қабылдау бөлмесіне тапсырылады.
15. Тұтынушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған соң,тұтынушының мемлекеттік қызметті алатын күні көрсетілген құжаттарды ұсынуды растайтын талон алады.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жеткізу жеке бару арқылы жүзеге асырылады. Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі тұтынушылардың «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мамандарына мына мекен-жайы бойынша беріледі: Уалиханов көшесі,№ 7 үйі.
17. Мемлекеттік қызметтен бас тарту негізі өтініш берушінің құжаттарын толық әкелмеуі болып табылады:
Мемлекеттік қызметті келесі патронат тәрбиелеуші болуды қалайтын тұлғалардың тағайындауынан бас тартылады:
1) сотпен қабілеті жоқ немесе қабілеті шектелген деп танылған:
2) сот бойынша ата-аналық құқықтарынан айырылған немесе сотпен ата-аналық құқықтары шектелген:
3) оған заңмен жүктелген міндеттерді дұрыс орындамағаны үшін қамқоршы міндеттерінен шеттетілген:
4) егер асырап алудан сотпен олардың күнәсынан бас тартылған бұрынғы асырап алушыларға;
5) тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген аурулары бар тұлғаларға
3. Жұмыс принципі
18. Бөлімнің қызмет көрсетуде тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын қағидалар:
1) сыпайылық;
2) кәсібилік;
3) шұғылдық;
4) ақпаратты жетімді етіп түсіндіру;
5) өтініш берушінің құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың құпиялылығын сақтау;
6) құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс нәтижесі
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттағы қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Бөлімнің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс тобы бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін және шағым дайындауға жәрдем көрсету, білім бөлімінің қызметкерлерімен жүргізіледі.
22. Шағым мына мекен-жайлар бойынша беріледі:
1) Тимирязев ауданының әкіміне – Тимирязев ауданы, Тимирязево ауылы, Уалиханов көшесі, 1, телефон 2-12-40
2) Тимирязев аудандық сотына, Тимирязево ауылы, Уалиханов көшесі, 1, телофон 2-05-81
23. Қабылданған шағымдар азаматтарға үндеу журналында тіркеледі, шағым түскен күннен кейін 15 күн ішінде қарастырылады.
Шағымның қарастырылған нәтижесі туралы жауабы тұтынушыға жазбаша пошта арқылы жіберіледі немесе жеке тапсырылады.
6. Байланыс ақпарат
24. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы: Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязево селосы,Уалиханов көшесі,№ 7 үйі,бастық тел.8-715-37-2-05-85, қабылдау бөлмесі 8-715-37-2-05-85,электронды пошта: timyrroo66@mail.ru
25. Өтініш беруге басқа да қажетті ақпараттар:
1) Солтүстік Қазақстан облысы білім Департаментінің бастығының мекен-жайы: Петропавл қаласы,Конституция көшесі,58,телефон 8-715-46-32-88, электронды пошта адресі: e-mail:obldosko@mail.kz e-mail: do@sko.kz
2) Тимирязев аудан әкімі аппаратының мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев селосы, Уалиханов көшесі, 1, телефоны 2-12-40.
«Балаларды патронаттық тәрбиелеуге алуды
қалайтын отбасыларынан тапсырыстар қабылдау»
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
қосымша
Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің мағынасы
Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштері |
Көрсеткіш-тердің норматив- |
Келесі жылдағы көрсеткіштер-дің мақсатты мағынасы |
Есеп беру жылындағы көрсеткіштер-дің ағымдағы мағынасы |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Дер кезділік |
|||
1.1. құжатты тапсырған кезден бастап белгіленген мерзімде қызметтер көрсетудің % (үлесі) жағдайлары |
95 |
85 |
75 |
1.2. кезекте 40 минуттан астам қызмет көрсетуді пайдалануды күткен тұтынушылар % (үлесі) |
90 |
90 |
85 |
2. Сапа |
|||
2.1. қызмет көрсетулер үрдісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі) |
90 |
75 |
70 |
2.2. лауазымды тұлғалармен құжаттарды дұрыс ресімдеу жағдайлары (өндірістік есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі) |
95 |
80 |
75 |
3. Қол жеткізушілік |
|||
3.1. қызмет көрсетулер тәртібі туралы ақпаратқа және оның сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі) |
80 |
70 |
65 |
3.2. тұтынушылармен дұрыс толтырылған және бірден тапсырылған құжаттар жағдайлары % (үлесі) |
90 |
80 |
75 |
3.3. Интернет арқылы қол жеткізе алатын ақпараттар қызметі % (үлесі) |
50 |
45 |
40 |
4. Шағымдану үрдісі |
|||
4.1. іс бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдар % (үлесі) |
0,1 |
0,2 |
0,25 |
4.2. белгіленген мерзімде қаралып және қанағаттандырылып негізделген шағымдар % (үлесі) |
95 |
90 |
85 |
4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі) |
85 |
70 |
65 |
4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі) |
95 |
70 |
65 |
5. Сыпайылық |
|||
5.1. персоналдық сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі) |
90 |
100 |
95 |