"Лизингіге техника алу үшін анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 16 маусымдағы N 187 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 01 шілдеде N 13-12-69 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 13 қарашада N 217 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігінің 2009.11.13 N 217 Қаулысымен

      «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес, аудандық бюджетінен қаржыландыратын мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын көтеру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін «Лизингіге техника алу үшін анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде қоса берілген стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.В. Ганжаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                     Б. Жұмабеков

Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
16 маусымдағы № 187 қаулысымен
бекітілді

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Лизингіге техника алу үшін анықтама беру»

1. Жалпы ережелер

      1. «Лизингіге техниканы алу үшін анықтама беру» (әрі қарай - мемлекеттік қызмет көрсету) мемлекеттік қызметін анықтау
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны ішінара автоматтандырылған.
      3. 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 «Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету реестрі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде мемлекеттік қызмет көрсетіледі
      4. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
      5. Өтініш беруші, мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны лизингқа техниканы алу үшін анықтама болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімі:
      1) он жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі арыз беруші, арызбен қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап жүзеге асырылады;
      2) кезекте күтуге рұқсат уақыты - қажетті құжаттарды тапсыру жағдайда 40 минуттан артыққа созылмайды;
      3) анықтама алу жағдайда кезекте күту уақыты 40 минуттан артық емес.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және қол жетімділгіне қойылатын талаптар туралы толық ақпарат аудандық «Нива» газетінде жарияланады, «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы ақпарат қабырға стендінде мына мекен - жайы бойынша орналасқан: Тимирязев ауданы Тимирязево селосы Уәлиханов көшесі 1.
      10. Мемлекеттік қызмет: күнде, сенбі, жексенбіден басқа сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін көрсетіледі алдын ала жазылусыз тездетілген қызмет көрсету жоқ.
      11. Қызмет көрсету орны: «Солтүстік Қзақстан облысы Тимирязев ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудандық әкім аппараты ғимаратында үшінші қабатта мына мекен-жайы бойынша орналасқан: Тимирязев ауданы, Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі 1.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызмет алу үшін арыз жазу жән өтініші берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлғалар үшін) және заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелу туралы куәлігін (заңды тұлғалар үшін) көрсету керек.
      13. Бланктік өнімдердің бұл түрі мемлекеттік қызмет көрсетуде қарастырылмаған.
      14. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар тапсырылады.
      15. Мемлекеттік қызмет алу үшін арыз беруші барлық қажетті құжаттарды тапсырғандығы жөніндегі бекітілген құжат алу уақыты көрсетілген қолхат болып табылады.
      16. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Лизингіге техниканы алу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет алу үшін өзі қатысады.
      17. Қазақстан Республикасының күші бар заңнамаларына сәйкес арыз берушінің құжат тапсыру мүмкіндігіне қарай келмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатылады.

3. Жұмыс принципі

      18. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылық ететін негізгі жұмыс қағидалары қызмет көрсететін арыз берушіге қатысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде жан-жақты ақпарат, берілген құжаттардың мазмұны туралы ақпараттың жасырын сыпайылық, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған жағдайда құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижесі

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы аталған стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділігі көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмысы бағалауда мемлекеттік қызметтердің сапасы және қол жетімділігі көрсеткіштері жыл сайын аудан әкімімен құрылған жұмыс тобы бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Лауазымды тұлғаның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағым дайындауға жәрдем көрсетуді «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерімен жүргізіледі.
      22. Шағым беріледі:
      1) Тимирязев ауданының әкіміне – Тимирязев ауданы Тимирязево селосы Уәлиханов көшесі, 1 тел. 2-12-40;
      2) Тимирязев аудандық сотына – Тимирязев ауданы Тимирязев селосы Уәлиханов көшесі 9, тел. 2-05-81.
      23. Қабылданған шағым азаматтардың шағымын тіркеу журналына тіркеледі, және шағым түскен сәттен бастап 15 күн ішінде қаралады.
Шағымның қаралу нәтижесі туралы жеке тұлғаға жазбаша түрде хабарланады, жауап пошта арқылы немесе жеке өзіне тапсырылады.

6. Байланыс ақпарат

      24. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган жетекшісінің тікелей байланыс деректерін көрсету (электорондық поштаның мекен –жайы, қабылдау және жұмыс кестесі, мекен-жайы, телефондары)
      Жұмыс кестесі:
      Күнде сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-тен сағат 14.00-ге дейін.
      Қабылдау:
      Күнде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-9ен 14.00-ге дейін.
      Демалыс күндері: сенбі, жексенбі
      151100 Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Тимирязев селосы Уәлиханов көшесі 1
      8-715-37-2-15-33,
      8-715-37-2-14-65,
      8-715-37-2-17-96.
      timiryazevo-osh@mail.kz
      25. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы ала алады:
      8-715-37-2-15-33,
      8-715-37-2-14-65,
      8-715-37-2-17-96.

«Лизингіге техника алу үшін анықтама беру»
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
қосымша

Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің мағынасы

Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштері

Көрсеткіш-тердің норматив-
тік мағынасы

Келесі жылдағы көрсеткіштер-дің мақсатты мағынасы

Есеп беру жылындағы көрсеткіштер-дің ағымдағы мағынасы

1

2

3

4

1. Дер кезділік

1.1. құжатты тапсырған кезден бастап белгіленген мерзімде қызметтер көрсетудің % (үлесі) жағдайлары

100

100

100

1.2. кезекте 40 минуттан астам қызмет көрсетуді пайдалануды күткен тұтынушылар % (үлесі)

100

100

100

2. Сапа

2.1. қызмет көрсетулер үрдісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

95

95

95

2.2. лауазымды тұлғалармен құжаттарды дұрыс ресімдеу жағдайлары (өндірістік есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

95

95

95

3. Қол жеткізушілік

3.1. қызмет көрсетулер тәртібі туралы ақпаратқа және оның сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

95

95

95

3.2. тұтынушылармен дұрыс толтырылған және бірден тапсырылған құжаттар жағдайлары % (үлесі)

90

90

90

4. Шағымдану үрдісі

4.1. іс бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдар % (үлесі)

0,1

0,1

0,1

4.2. белгіленген мерзімде қаралып және қанағаттандырылып негізделген шағымдар % (үлесі)

100

100

100

4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

95

95

95

4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

95

95

95

5. Сыпайылық

5.1. персоналдық сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

100

100

100

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады