Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігінің 2009.11.13 N 217 Қаулысымен
«Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес, аудандық бюджетінен қаржыландыратын мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын көтеру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен ұсынылатын «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезектілік» мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде қоса берілген стандарт бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т.Ысқақовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Жұмабеков
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
16 маусымдағы № 188 қаулысымен
бекітілді
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезектілік»
1. Жалпы ережелер
1. .Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезектілігі».
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету негізінде болады:
1997 жылдың 16 сәуірден «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабында: «Уәкілетті орган өтініш берушінің ұсынылған құжаттармен қоса арызды қабылдаған күннен бастап ағымдағы он күн ішінде қарастырады және мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезектілігі немесе бас тарту туралы шешеді»
1999 жылдың 2 қыркүйегінен № 1292 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді ұсыну, жалдап алу, пайдалану тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының 7-тармағы: «Тұрғын үйде мұқтаж болған азаматтарды есепке алу мемлекеттік кәсіпорында жұмыс орны бойынша немесе жергілікті атқарушы органның тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырылады»
4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынған мемлекеттік органның, мемлекеттік мекемелер немесе басқа субъектілердің аты:
«Тимирязев ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекеме Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі,1. Timiryazevo-GKX@mail.ru.
5. Тұтынушы алатын мемлекеттік қызметті көрсетудің аяқталуы (нәтижесі) нысаны хабарлама (хат) болып табылады
6. Қазақстан Республикасының азаматтары тұрғын үйде мұқтаж болған тұрақты осы елді мекенде тұратын (тұратын мерзіміне қарамастан) және халықтың кедейшілік әлеуметтік қорғайтын қабаттарына жататындарға, сонымен қатар тұрғын үйде мұқтаж мемлекеттік қызметкерлерге, бюджеттік мекемелердің қызметкерлеріне, әскериқызметкерлер мен мемлекеттік сайланбалы лауазымдағы тұлғаларға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беріледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетуде уақыты бойынша мерзімнің шектелуі:
1) мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушымен қажетті құжаттарды (тіркеу сәтінен, талонды алғаннан т.б.) тапсыру сәтінен бастап 10 күнді құрайды;
2) қажетті құжаттар (тіркеу сәтінен, талонды алғаннан т.б.) тапсыруда кезекте күту барынша шамамен 30 минутты құрайды;
3) құжаттарды алуда кезекте күту барынша шамамен 30 минутты құрайды
8. Мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезектілігі» тегін ұсынылады.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезектілігі» аудандық аудандық «Нива» газетінде жарияланады, «Тимирязев ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекеме бөлімінде стендта орналасады мына мекен-жай бойынша: Тимирязево селосы, Уәлиханов көшесі,1, № 307 кабинет. Қызмет осы мекен-жайда көрсетіледі.
10. Өтініш берушілерге қабылдау кестесі: күн сайын, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Алдын ала жазылу қажет етілмейді.
11. «Тимирязев ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекеме бөлімінде қызмет көрсетіледі, № 307 кабинетте арыздардың үлгілері, үстелдер мен орындықтар, ақпараттық стендтар бар.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызмет алуына өтініш беруші ұсынады:
«Тимирязев ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі» мекемесінің маманы берген бланкіде жеке органмен бекітілген тәртіппен толтырылады;
жергілікті атқарушы органымен белгіленген нысаны бойынша есепке тұрғызу туралы арыз «Тимирязев ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекеме маманымен берілетін бланкте өз қолымен толтырылады;
азаматтардың тіркеу кітабын. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынасы туралы» Заңына сәйкес қажетті болған жағдайда өтініш беруші басқа тұлғалардың отбасы мүшелері ретінде танылғаны туралы жергілікті атқарушы органның анықтамасын ұсынады;
өтініш берушінің және онымен тұрақты отбасы мүшелерінің меншіктікте құқығы жоқтығы жайлы анықтама;
өтініш берушінің (отбасы) әлеуметтік қорғаушы азаматтар қатарына жататыны немесе мемлекеттік қызметкердің, бюджеттік мекеменің қызметкері, әскери қызметкердің жұмыс орнынан (қызметінен) әлеуметтік қорғау органнан анықтама өтініш беруші денсаулық сақтау мемлекеттік мекемесінен ауыр ауру формасымен азап шегетін отбасында барлығы туралы анықтама ұсынады, ол қосымша үй-жай бөлме беретініне құқылы
13. «Тимирязев ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қажетті құжаттардың толық пакетімен арыз беріледі мына мекен-жай бойынша: Тимирязево селосы, Уәлиханов көшесі,1,№ 307 кабинет.
14. Мемлекеттік қызмет алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырған өтініш берушіге қабылдау күні мен орындалу мерзімі көрсетілген арыздың жыртылмалы талоны беріледі
15. «Тимирязев ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне өзі кіріп шыққан мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйде мұқтаж болған азаматтардың кезектілігі және есепке тұру немесе бас тарту туралы хабарлама мына мекен-жай бойынша: Тимирязево селосы,Уәлиханов көшесі, 1, № 307 кабинет.
16. Мемлекеттік қызмет көрсетуінің тоқталуы немесе бас тартуы боп негізделеді:
1) Қазақстан Республикасының азаматы өтініш беруші тұрғын үйде мұқтаж еместігі және халықтың кедейшілік әлеуметтік қорғайтын
қабаттарына жатпауы, сонымен қатар тұрғын үйде мұқтаж емес мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік мекемелердің қызметкері, әскер қызметкерлер мен мемлекеттік сайланбалы лауазымдағылар дерек;
2) Ұсынылған құжаттар пакеті толық болмаса
3. Жұмыс принципі
18. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін азаматтар мынадай мүмкіндіктерге ие болады:
1) бөлім мамандарының сыпайылығы, жауапкершілігі және кәсіпкерлігі;
2) өтініш жіне белгіленген үлгідегі бланктердің тегін берілетіндігіне;
3) осы қызмет жайлы толық ақпарат алатындығына сенуіне болады.
4. Жұмыс нәтижесі
19. Азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган, мекеменің немесе басқа субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. Лауазымды тұлғаның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағым дайындауға жәрдем көрсетуді «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерімен жүргізіледі.
22. Шағым беріледі:
1) Тимирязев ауданының әкіміне – Тимирязев ауданы Тимирязево селосы Уәлиханов көшесі, 1 тел. 2-12-40;
2) Тимирязев аудандық сотына – Тимирязев ауданы Тимирязев селосы Уәлиханов көшесі 9, тел. 2-05-81.
23. Қабылданған шағым азаматтардың шағымын тіркеу журналына тіркеледі, және шағым түскен сәттен бастап 15 күн ішінде қаралады. Шағымның қаралу нәтижесі туралы жеке тұлғаға жазбаша түрде хабарланады, жауап пошта арқылы немесе жеке өзіне тапсырылады.
6. Байланыс ақпарат
24. «Тимирязев ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,жолаушы көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығымен байланыс жасау мәліметтері:
мекен-жайы: Тимирязев ауданы Тимирязево селосы, Уәлиханов көшесі, 1, телефоны 2-14-72, электрондық пошта мекен-жайы: Timiryazevo-GKX@mail.ru;
25. Өтініш жасаушыға арналған басқа пайдалы ақпарат:
Тимирязев ауданының әкімі: Тимирязев ауданы Тимирязево селосы, Уәлиханов көшесі, 1, телефоны 2-12-40.
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою
және кезектілік» мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына қосымша
Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің мағынасы
Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштері |
Көрсеткіш-тердің норматив- |
Келесі жылдағы көрсеткіштер-дің мақсатты мағынасы |
Есеп беру жылындағы көрсеткіштер-дің ағымдағы мағынасы |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Дер кезділік |
|||
1.1. құжатты тапсырған кезден бастап белгіленген мерзімде қызметтер көрсетудің % (үлесі) жағдайлары |
95 |
75 |
60 |
1.2. кезекте 40 минуттан астам қызмет көрсетуді пайдалануды күткен тұтынушылар % (үлесі) |
90 |
50 |
40 |
2. Сапа |
|||
2.1. қызмет көрсетулер үрдісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі) |
90 |
70 |
60 |
2.2. лауазымды тұлғалармен құжаттарды дұрыс ресімдеу жағдайлары (өндірістік есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі) |
95 |
75 |
65 |
3. Қол жеткізушілік |
|||
3.1. қызмет көрсетулер тәртібі туралы ақпаратқа және оның сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі) |
80 |
50 |
40 |
3.2. тұтынушылармен дұрыс толтырылған және бірден тапсырылған құжаттар жағдайлары % (үлесі) |
80 |
30 |
25 |
3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің % (үлесі) |
50 |
30 |
25 |
4. Шағымдану үрдісі |
|||
4.1. іс бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдар % (үлесі) |
0,1 |
0,4 |
0,6 |
4.2. белгіленген мерзімде қаралып және қанағаттандырылып негізделген шағымдар % (үлесі) |
95 |
60 |
50 |
4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі) |
85 |
70 |
50 |
4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі) |
95 |
50 |
40 |
5. Сыпайылық |
|||
5.1. персоналдық сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі) |
90 |
70 |
60 |