"Кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын ауыстыруға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 22 шілдедегі N 214 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 30 шілдеде N 13-12-73 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 13 қарашада N 217 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігінің 2009.11.13 N 217 Қаулысымен

      «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес, аудандық бюджетінен қаржыландыратын мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын көтеру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен ұсынылатын «Кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын ауыстыруға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде қоса берілген стандарт бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.В. Ганжаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                     Б. Жұмабеков

Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
22 шілдедегі № 214 қаулысымен
бекітілді

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын ауыстыруға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге анықтама беру»

1. Жалпы ережелер

      1. Осы стандарт кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын ауыстыруға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге анықтама беру мемлекеттік қызметінің тәртібін анықтайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
      2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 24-бабы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 13-бабы 3-тармағының негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет 151100 Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязево селосы, Уәлиханов көшесі, 7 мекен-жайында орналасқан «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі.(бұдан әрі - «ББ» ММ).
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын ауыстыруға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге анықтама беру табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - тұтынушы).
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушының қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен бастап мемлекеттік қызмет көрсетілу мерзімі - үш жұмыс күні;
      2) қажетті құжаттарды тапсыруда кезекте тұруға, электронды сұраным түзуге жіберілетін ең ұзақ уақыт - отыз минут;
      3) құжаттарды алу кезіндегі кезек күтуге жіберілетін ең ұзақ  уақыт - отыз минут.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат аудандық «Нива» газетінде жарияланады, қажетті құжаттар туралы ақпарат, сонымен қатар оларды толтыру үлгілері Тимирязев ауданы, Тимирязево селосы, Уәлиханов көшесі, 7 мекен-жайы бойынша «ББ» ММ ғимаратында ақпараттық стендте орналасады.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету, сенбі және жексенбі күндерінен басқа, күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Қабылдау кезекке тұру арқылы, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз іске асады.
      11. «ББ» ММ қызмет көрсету орны Тимирязев ауданы, Тимирязево селосы, Уәлиханов көшесі, 7 мекен-жайындағы ғимараттың екінші қабатында орналасқан. Қызмет көрсету орнында үстелдер, орындықтар қойылған, сонымен қатар қажетті құжаттар тізімдемесі және оларды толтыру үлгілері бар стенд ілінген.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы келесі құжаттар ұсынуы керек:
      1) тұтынушының жеке куәлігі (төлқұжат);
      2) кәмелетке толмағанның туу туралы куәлігі;
      13. Өтініш бланктері Тимирязев ауданы, Тимирязево селосы, Уәлиханов көшесі, 7 мекен-жайы бойынша «ББ» ММ-нің мамандарымен беріледі.
      14. 12-тармақта аталған құжаттар «ББ» ММ маманына беріледі.
      15. Құжаттар тапсырған өтініш берушіге қабылданған күні және орындалу мерзімі көрсетілген талон беріледі.
      16. Қарастыру нәтижесі туралы өтініш беруші жазбаша түрде пошта арқылы немесе «ББ» ММ маманының жеке қабылдауында хабардар етіледі.
      17. Осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырмаған жағдайда өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылуы мүмкін.

3. Жұмыс қағидалары

      18. «ББ» ММ тұтынушыға қатынасында келесі қағидаларды басшылыққа алады:
      1) сыпайылық;
      2) кәсібилік;
      3) шұғылдылық;
      4) ақпараттың түсінікті етіп жеткізілуі;
      5) өтініш берушінің құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың құпиялылығын сақтау;
      6) құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижесі

      19. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі нақты стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. «ББ» ММ жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын арнайы құрылған жұмысшы тобымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Лауазымды тұлғаның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағым дайындауға жәрдем көрсетуді «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерімен жүргізіледі.
      22. Шағым:
      1) Тимирязев ауданының әкіміне – Тимирязев ауданы Тимирязево селосы Уәлиханов көшесі, 1 тел. 2-12-40;
      2) Тимирязев аудандық сотына – Тимирязев ауданы Тимирязев селосы Уәлиханов көшесі 9, тел. 2-05-81.
      23. Қабылданған шағым азаматтардың шағымын тіркеу журналына тіркеледі және қолданыстағы заңмен белгіленген мерзімде қаралады,нәтижелері туралы өтініш берушіге пошта арқылы жазбаша немесе жеке қабылдауға тапсырылады.

6. Байланыс ақпарат

      24. Ұсынылған мемлекеттік қызметке жауапты, «ББ» ММ жетекшісінің мекен-жайы: 151100 Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязево селосы, Уәлиханов көшесі, 7, бастықтың телефоны 8-715-37-2-05-86, қабылдау бөлмесі 8-715-37-2-05-85, электронды пошта адресі: Timyrroo66@mail.ru.
      25. Солтүстік Қазақстан облысы Білім департаменті жетекшісінің  мекенжайы: Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 58, телефоны 8-715-46-33-34, электронды пошта адресі: obldosko @ maii.кz.

«Кәмелетке толмаған балаларға тиесілі
тұрғын үй алаңын ауыстыруға немесе
сатуға рұқсат беру үшін нотариалды
кеңсеге анықтама беру» мемлекеттік
қызмет көрсету стандартына қосымша

Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің мағынасы

Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштері

Көрсеткіш-тердің норматив-
тік мағынасы

Келесі жылдағы көрсеткіштер-дің мақсатты мағынасы

Есеп беру жылындағы көрсеткіштер-дің ағымдағы мағынасы

1

2

3

4

1. Дер кезділік

1.1. құжатты тапсырған кезден бастап белгіленген мерзімде қызметтер көрсетудің % (үлесі) жағдайлары

95

85

75

1.2. кезекте 40 минуттан астам қызмет көрсетуді пайдалануды күткен тұтынушылар % (үлесі)

90

90

85

2. Сапа

2.1. қызмет көрсетулер үрдісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

90

75

70

2.2. лауазымды тұлғалармен құжаттарды дұрыс ресімдеу жағдайлары (өндірістік есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

95

80

75

3. Қол жеткізушілік

3.1. қызмет көрсетулер тәртібі туралы ақпаратқа және оның сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

80

70

65

3.2. тұтынушылармен дұрыс толтырылған және бірден тапсырылған құжаттар жағдайлары % (үлесі)

90

80

75

3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің % (үлесі)

50

45

40

4. Шағымдану үрдісі

4.1. іс бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдар % (үлесі)

0,1

0,2

0,25

4.2. белгіленген мерзімде қаралып және қанағаттандырылып негізделген шағымдар % (үлесі)

95

90

85

4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

85

70

65

4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

95

70

65

5. Сыпайылық

5.1. персоналдық сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

90

100

95

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады