"Қорғаншылық пен қамқоршылық жөнінде анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 17 маусымдағы N 120 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 17 шілдеде N 13-13-85 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 19 ақпандағы N 20 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2010.02.19 N 20 Қаулысымен

      "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 Заңының 9-1 бабына, «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 Үкіметінің қаулысының 2 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Ахметоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е.Уәхитов

Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 17 маусымдағы № 120
қаулысымен бекітілді

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің анықтамасы (мемлекеттік қызмет көрсетудің нормативтік-құқықтық анықтамасы).
      Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: жарым-жартылай автоматтандырылған.
      3. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету негізделетін нормативтік құқықтық кесімнің атауы, бап (тармақ) және баптың (тармақтың) мазмұны (заңнамалық кесім, Қазақстан Республикасы Президентінің кесімі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кесімі).
      Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңының 27 бабымен, "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 17 желтоқсандағы № 321 Заңының 103-108 баптарына, "Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы және Патронат туралы ережелерді және Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі N 1346 қаулысы, «Адамдардың бала асырап алуына, оны қамқоршылыққа (қорғаншылыққа), патронатқа алуына болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 маусымдағы № 842 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
      4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субъектілердің атауы:
      Қызметті осы Регламентке қоса беріліп отырған 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелер (әрі қарай - Білім бөлімі және Әкім аппараттары) ұсынады
      5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны (нәтижесі):
      Мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны азаматқа кәмелетке толмаған балалардың қамқоршысы немесе қорғаншысы екендігін растайтын анықтама беру болып табылады
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаттары.
      Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімі:
      1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 7 күннің ішінде.
      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 40 минутқа дейін.
      3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 40 минуттан көп емес.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы немесе тегін екендігін көрсету. Ақылы болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетудің құнын (төлем жинағын), төленетін ақының түрін, ақы төлеу кезінде толтыру талап етілетін құжаттың (түбіртек) формасын көрсету керек.
      Мемлекеттік қызмет көрсету тегін.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қол жетімділігіне талаптар туралы ақпараттық қайнар көз ретінде міндетті түрде орналастыру орындарын көрсету. Бұл стандартты ресми жариялаудың қайнар көзіне сілтеме, мемлекеттік орган, мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік қызмет көрсететін басқа да субъектілердің сайттарына сілтеме, немесе мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайлары.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің осы Стандарты 1-қосымшада көрсетілген Білім бөлімі мен Әкім аппаратының ақпараттық стендінде орналастырылады.
      10. Жұмыс кестесін көрсету (күндерін, сағатын, үзілісті) қызмет көрсетулерді пайдалану үшін алдын ала жазылып қою бар ма, әлде жоқ па екендігі (шарттар мен талаптарды көрсету), жылдамдатылған қызмет көрсетудің бар не жоқ екендігі (шарттар мен талаптарды көрсету).
      Азаматтарды қабылдау кестесі: мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09-00-ден 19-00-ге дейін, үзіліс:
сағат 13-00-ден 14-00-ке дейін.
      Мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу және қызмет көрсетуді жеделдету жүзеге асырылмайды.
      11. Қызмет көрсету орындарының жағдайын көрсету (үй-жай режимі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, физикалық мүмкіндіктері шектелген адамдар үшін жағдайлар, кезекте тұрып күтудің құптауға лайық жағдайлары және қажетті құжаттарды даярлау (күту залы,үлгі қағаздары бар үлгілер тақтасы) және т.б.).
      Мемлекеттік қызмет Білім бөлімі немесе Әкім аппаратының күтіп отыру және қажетті құжаттарды дайындау жағдайы тұғызылған (күту залында орындықтар және ақпарат тақталары қойылған) ғимаратында көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесін көрсету (мысалы,арызданушының электрондық сандық қолының бар болуы), оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсетулерді пайдалануға жеңілдіктері бар тұлғалар үшін:
      Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) заңды өкілдің жеке куәлік (көшірме);
      2) анықтама беруге өтініш (еркін түрде);
      3) кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігі (көшірме);
      4) 10 жастан бастап кәмелетке толмаған баланың жазбаша түрдегі келісімі.
      13. Сайттар сілтемелерін немесе мемлекеттік қызмет көрсетулерді пайдалану үшін толтыруға қажетті бланктар беру орындарын көрсету(арыз түрі т.б.).
      Мемлекеттік қызметтің осы түрін көрсету үшін бланкі өнімдері көзделмеген.
      14. Сайтқа сілтемені, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалануға қажетті толтырылған бланктар, қалыптар, арыздар және басқа да құжаттар тапсырылатын жауапты тұлғаның мекен-жайын және кабинетінің нөмірін көрсету.
      Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар осы Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес Білім бөліміне немесе Әкім аппаратына тапсырылады.
      15. Тұтынушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметке ие болу үшін тұтынушының оған қатысты барлық құжаттарды тапсырғанын растайтын мемлекеттік қызмет көрсетудің уақыты белгіленген құжаттың атауы мен түрін көрсету.
      Тұтынушының мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тапсырғандығын растайтын құжат-мемлекеттік қызметті алу күні көрсетілген қызметтік қолхат болып табылады.
      16. Қызмет көрсетудің тәсілдері мен нәтижеге жеткізу регламентінің толық тізбесін көрсету - электрондық пошта, сайт арқылы, жеке қатынасу, курьер және т.б.
      Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесін беретін жауапты тұлға сайтының сілтемесін, немесе мекен-жайы мен кабинетінің нөмірін көрсету.
      «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызметін алу осы Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес Білім бөліміне немесе Әкім аппаратына тікелей өзі келу арқылы жүзеге асырылады.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін себеп болған негіздердің толық тізбесін көрсету.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартудың негізі құжаттардың толық емес пакетін көрсету болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Тұтынушыларға қызмет көрсету барысында мемлекеттік органның сүйенетін жұмыс принциптерін түгендеп шығу (сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұнының қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз ету, тұтынушы мерзімінде алмаған құжаттардың қауіпсіздігі).
      Көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты сақтау, құжаттардың құпиялылығын қамтамасыз ету, белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, сыпайы және әдепті болу қағидаттары.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандарттың қосымшасында көрсетілген сапалылық пен қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе басқа да субъектілердің жұмыстарын көрсететін мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі мен сапа көрсеткіштері жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтарымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағымдар дайындауға көмектесетін (көмектеспейтін) мемлекеттік органның атауын, электрондық пошта мекен-жайын, телефон шалуларды өңдеу орталығының телефон нөмірлерін (саll-орталықтар) немесе лауазымды тұлға кабинетінің нөмірін көрсету.
      Өкілетті лауазымды тұлғаның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану және шағымды әзірлеуге ықпал ету тәртібін түсіндіру аудан әкімі аппаратында жүзеге асырылады. Байланыс деректері: «Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл селосы, Уәлиханов көшесі, 85, телефоны: 8(71542)21533, электрондық поштасы: ualihan-akimat@sko.kz.
      22. Шағым түскен мемлекеттік органның атауы, электрондық поштасының мекен-жайын немесе лауазымды адам кабинетінің нөмірін көрсету.
      Шағым аудан әкімінің атына аудан әкімдігінің жалпы бөлімі арқылы жұмыс күндері беріледі, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл селосы, Уәлиханов көшесі, 85, «Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
      23. Шағымның қабылдағанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжаттың атауын,шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсету.
      Тікелей жазбаша түрде жүгінген тұтынушыға өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, уақыты, күні көрсетіле отырып тіркелген өтінішінің (шағымның) екінші данасы қайтарылады;
      Шағымның қаралу барысын шағымды қабылдап алған аудан әкімі аппаратының 8(71542)21533 телефоны арқылы білуге болады.
      Заңнамада белгіленген ретімен берілген өтініштер (шағымдар) міндетті түрде қабылданады, тіркеледі, есептен өтеді және қарастырылады.

6. Байланыс ақпараты.

      24. Мемлекеттік органның, мекеменің және тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін басқа да субъекті басшыларының, оның орынбасарының және жоғары тұрған ұйымның байланыс мәліметтерін (сайтын, электрондық пошта мекен-жайын, жұмыс және қабылдау кестесін, мекен-жайы, телефондарын) көрсету.
      «Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл селосы, Уәлиханов көшесі, 85, электрондық поштасы:ualihan-akimat@sko.kz, жұмыс кестесі: күн сайын сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
      25. Тұтынуға басқа да пайдалы ақпарат (шақыртуларды өңдеу орталығының телефондары, қосымша қызметтер туралы ақпарат және т.б). Уәлиханов ауданының әкім аппаратының сайты www. ua.sко.kz.

«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде
анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің
стандартына 1-қосымша

Аудан аумағында «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік мекемелердің байланыс деректері мен жұмыс кестелері


Мемлекеттік мекеме атаулары

Мекен-жайы, телефон, электрондық адресі, сайт


Ауыл шаруашылығы бөлімі

Ауыл шаруашылығы бөлімі


"Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттiк мекемесi

151200, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл селосы, Жамбыл көшесі, 76, 8-715-42-21-4-37
8-715-42-22-0-51


Әкімдер аппараты

Әкімдер аппараты


"Уәлиханов ауданы Ақтүйесай селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттiк мекемесi

Уәлиханов ауданы Ақтүйесай селосы, 8-715-42-2-64-21


"Уәлиханов ауданы Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты " мемлекеттiк мекемесi

Уәлиханов ауданы Амангелді ауылы, 8-715-42-23-3-97


"Уәлиханов ауданы Бидайық селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттiк мекемесi

Уәлиханов ауданы Бидайық селосы, 8-715-42-2-61-34


"Уәлиханов ауданы Қайрат селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттiк мекемесi

Уәлиханов ауданы Қайрат селосы, 8-715-40-2-00-30


"Уәлиханов ауданы Қарасу селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттiк мекемесi

Уәлиханов ауданы Қарасу селосы, 8-715-47- 2-50-20


"Уәлиханов ауданы Қаратерек селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттiк мекемесi

Уәлиханов ауданы Қаратерек селосы, 8-715-42-2-31-38


"Уәлиханов ауданы Кішкенекөл селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттiк мекемесi

Уәлиханов ауданы Кішкенекөл селосы, 8-715-42-2-15-87


"Уәлиханов ауданы Көктерек селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттiк мекемесi

Уәлиханов ауданы Көктерек селосы, 8-715-42-2-45-25


"Уәлиханов ауданы Қулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттiк мекемесi

Уәлиханов ауданы Қулыкөл ауылы, 8-715-40-4-00-10


"Уәлиханов ауданы Телжан селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттiк мекемесi

Уәлиханов ауданы Телжан селосы, 8-715-42-2-43-51


"Уәлиханов ауданы Чехов селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттiк мекемесi

Уәлиханов ауданы Чехов селосы, 8-715-42-2-56-14

«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде
анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына 2-қосымша

Кесте. Мемлекеттік қызмет көрсетудің көрсеткіштерінің сапасы және қол жеткізімділігі

Сапа және қол жетімділіктің көрсеткіштері

Көрсет-
кіштің
норматив-
тік мәні

Көрсеткіш-
тің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіш-тің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Дер кезділігі

1.1. Құжат тапсырылғаннан кейін, белгіленген уақытта қызмет көрсету % (үлесі)

100

100

100

1.2. Тұтынушылардың қызмет көрсетуді алудағы кезек күтудің 40 мин. аспайтын % (үлесі)

100

100

100

2. Сапа

2.1. Көрсетілген қызметтің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

98

98

98

2.2. Қызметтік тұлғаның құжаттарды дұрыс ресімдеу % (үлесі) (өндірістегі есеп т.б)

99

99

99

3. Қол жеткізімділігі

3.1. Қызмет көрсетудің тәртібінің ақпараты мен сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100

100

100

3.2. Бірінші рет тапсырылған құжаттардың тұтынушылармен дұрыс толтырған % (үлесі)

99

99

99

3.3. Интернет арқылы алынатын қызмет көрсету ақпаратының % (үлесі)

0

0

0

4. Шағым беру процесі

4.1. Барлық қызмет көрсетілген тұтынушылардың негізделген шағымдарының % (үлесі)

1

1

1

4.2. Негізделген шағымдардың қаралып, белгіленген уақытта қанағаттандырылғандары- ның % (үлесі)

100

100

100

4.3. Шағым беру тәртібімен қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

100

100

100

4.4. Шағым беру уақытымен қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

100

100

100

5. Сыпайылық

5.1. Мекеменің қызметкерлерінің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

100

100

100

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады