Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімі аппаратының 2012.09.13 N 02.12.06-09/233 хаты)
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-ІІІ «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Уәлиханов ауданында 2009 жылғы қаңтар – наурыз айларында 1992 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуі өткізілсін.
2. Тіркеу комиссиясының құрамы құрылсын:
Омаров Қанат - тіркеу комиссиясының төрағасы,
Жанабайұлы Уалиханов ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы
Ахметова Бағдагүл - тіркеу комиссиясы төрағасының
Рамазанқызы орынбасары, Уәлиханов ауданы әкімінің
орынбасары
комиссия мүшелері:
Сыздыков Шоқан -ауданның ішкі істер бөлімі
Сапарханұлы бастығының орынбасары
Хасенова Алма Ешімқызы - аудандық емханасы бас дәрігерінің
міндетін атқарушысы,
Ташкина Зауреш - шақыру комиссиясының хатшысы,
Айтмағанбетқызы аудандық емханасының медбикесі
3. Тіркеу мерзімінде шақыру учаскесінде жұмысқа қатынасу үшін қажетті техникалық жұмыскерлер бөлінсін;
4. Селолық (ауылдық) округтердің әкімдері:
1992 жылы туған азаматтарды анықтап, шақыру учаскесіне толық қамту шараларын қолдансын;
5. Кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің басшылары: әскерге шақыруға дейінгі әскери есепке қойылуына байланысты міндеттерін орындауға қажетті уақытқа тіркеуден өтетін азаматтардың келуін, жұмыстан, оқудан босатылуын қамтамасыз етсін;
6. Аудандық емханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушысы Хасенова А.Е. (келісім бойынша) тіркеу кезеңінде:
1) дәрігер-мамандарды және кіші медициналық персоналды медициналық куәләндіру өткізу үшін қамтамасыз етсін;
2) тіркеу комиссиясы құжаттары бойынша жіберген азаматтарға дәрігерлік куәләндіру үшін емханада орын белгіленсін.
7. Ауданның ішкі істер бөлімінің бастығы (Жомартов И.Қ.) комиссияның тіркеу жұмысқа күндерді іздестіру тобына және шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіп сақталуына бір жауапты жұмыскер берсін.
8. Ауданның қаржы бөлімінің бастығы (Көрпебаева К.Б.) 2009 жылғы аудан бюджетінде анықталған Уәлиханов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сметасы бойынша қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
9. Уәлиханов ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Қ. Омаров (келісім бойынша) 2009 жылдың 10 сәуіріне дейін 1992 жылы туған азаматтарды тіркеу жөнінде қорытынды ақпаратты аудан әкіміне ұсынсын.
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімнің орынбасары Б.Р. Ахметоваға жүктелсін.
11. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін өз күшіне енеді.
Аудан әкімі Е. Уәхитов