Қызылқоға ауданының әкімшілік-аумақтық бірлігіне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2008 жылғы 8 ақпандағы N 74-ІV шешімі және Атырау облысы әкімиятының 2008 жылғы 6 ақпандағы N 41 қаулысы. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 11 наурызда N 2523 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 3, 11-баптарына сәйкес, Қызылқоға аудандық әкімиятының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 339 қаулысы мен Қызылқоға аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N ІІІ-4 шешімі негізінде облыс әкімияты қаулы етеді және облыстық мәслихат шешім етті:

      1. Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округінің Жырақұдық ауылы Жангелдин ауылдық округінің Жангелдин селосының құрамына енгізілсін.

      2. Осы қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың           Облыс әкімі
      V сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихаттың хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады