Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 2010.03.31 N 318-IV шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2001 жылғы 12 маусымдағы N 209 Кодексінің 491-бабының 2 тармағына сәйкес, ІV шақырылған облыстық мәслихат VІІ сессиясында шешім етеді:
1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Атырау облысы бойынша облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының белдеулерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін салық төлемақылары бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (М.Шырдабаев) жүктелсін.
3. Осы шешім Атырау облысы бойынша Әділет департаментінен тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың
VII сессиясының төрағасы А. Ғабдуллин
Облыстық мәслихат хатшысы Ж. Дүйсенғалиев
Облыстық мәслихаттың
VІІ сессиясының
2008 жылғы 23 шілдедегі
N 112-IV шешіміне 1 қосымша
№ |
Салық салу объектісі |
Төлемақы |
1. Сыртқы (көрнекі) жарнамалар |
||
1 |
1 шаршы метр |
0,7 АЕК |
2 |
1 ден 50 шаршы метрге дейін |
1 шаршы метрге сәйкес өсуі |
3 |
50 ден 100 шаршы метрге дейін |
20 АЕК |
4 |
100 ден 200 шаршы метрге дейін |
25 АЕК |
5 |
200 шаршы метрден жоғары |
30 АЕК |
2. Шатырлар, қалқалар, қолшатырлар, жалаулар, штандарттар |
||
6 |
5 шаршы метрге дейін |
1 АЕК |
7 |
5-тен 10 шаршы метрге дейін |
2 АЕК |
8 |
10 шаршы метрден жоғары |
5 АЕК |
3. Уақытша киоскілер мен павильондар |
||
9 |
5 шаршы метрге дейін |
4 АЕК |
10 |
5-тен 10 шаршы метрге дейін |
5 АЕК |
11 |
10 шаршы метрден жоғары |
15 АЕК |
4. Көлік құралының сырты |
||
12 |
Автобустар, жүк машиналары (жүк көтерімділігі 1,5 т жоғары) |
15 АЕК |
13 |
Шағын автобустар (газельдер), таксилер, жеңіл машиналар (жүк көтерімділігі 1,5 т дейінгі) |
5 АЕК |
5. Автокөлікке орналасқан жарнама қондырғылары (лайтбокстар, қалқандар және тағы басқалары) |
||
14 |
1 шаршы метрге дейін |
2 АЕК |
15 |
1-ден 50 шаршы метрге дейін |
1 шаршы метрге сәйкес өсуі |
16 |
50 шаршы метрден жоғары |
100 АЕК |
17 |
Шығарылып қойылатын жарнама қондырғылары (штендерлер) |
7 АЕК |