Ескерту. Күші жойылды - Жаңа Қаратон поселкелік округі әкімінің 2010.12.06 N 69 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына және мұнайшы, геолог-барлаушы, бұрғышы, есімі елге танымал адамдардың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында Аудандық ономастикалық комиссияның 2008 жылғы 3 наурыздағы N 3 ұйғарымының қорытындысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Жаңа Қаратон поселкесінің N 16-N 64, N 66-N 74, N 197-200, N 207-N 210, N 319, N 323-325, N 332-N 334, N 339-341, N 348-351, N 713а-6, N 715а-б үйлері аралығындағы көше Мұнайшы, бұрғышы Боран Ержановтың есімі берілсін.
2. Жаңа Қаратон поселкесінің N 211-N 217, N 258-N 259, N 271-N 274, N 320-N 322, N 387-N 391, N 394, N 418-419, N 455-465, N 511-514, N 564-N 571 үйлері аралығындағы көше Мұнайшы Базарбай Мұқановтың есімі берілсін.
3. Жаңа Қаратон поселкесінің N 718а-б, N 721а-б, N 724а-б-N 725а-б, N 729а-б-N 730а-б, N 739а-б-N 740а-б, N 750а-б-N 751а-б, N 772а-б-N 774а-б,N 800а-б-N 803а-б, N 833а-б, N 838а-б, N 845а-б, N 847, N 866а-б-N 867а-б, N 872а-б-N 874а-б, N 877а-б-N 879а-б, N 882 үйлері аралығындағы көше Мұнайшы, геолог-барлаушы Балағұл Рзиевтің есімі берілсін.
4. Базарбай Мұқанов, Балағұл Рзиев және Боран Ержанов есімдері берілген көше тұрғындарына көшені ауылдағы үлгілі көшеге айналдыру, көше тәртібі мен тазалығын сақтау ұсынылсын.
5. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Поселке әкімі Д. Нұртазин