Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы Забурын селолық округі әкімінің 26.10.2010 № 24 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы желтоқсанында N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 2 тармағына және аудандық ономастикалық комиссияның 2008 жылғы 17 сәуірдегі ұйғарымына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Забурын селолық округінің елді мекенінің "Родина" көшесі "Ақшағала" көшесі болып қайта аталсын.
2. Зинеден селосының "Затон" көшесі "Толқынды" көшесі болып қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Забурын селолық округі әкімі аппаратының бас маманы Ш. Құрмановаға жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Забурын селолық округі әкімі Б. Құсаинов