Исатай селосының көшелеріне атау беру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай ауданы Исатай селолық округі әкімінің 2008 жылғы 6 қарашадағы N 27 шешімі. Атырау облысының Әділет департаменті Исатай ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 10 желтоқсанда N 4-4-112 тіркелді. Күші жойылды - Исатай ауданы Әділет басқармасының 2010 жылғы 15 қарашадағы № 3370 хатымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Исатай ауданы Әділет басқармасының 2010.11.15 № 3370 хатымен.

      "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бап, 4 тармағын басшылыққа ала отырып және аудандық ономастикалық комиссияның 2008 жылғы 5 маусымдағы ұйғарымына сәйкес ШЕШЕМІН:

      1. Исатай селосындағы көшелерге бұрынғы қалыптасқан атаулары Жамлиха, Қазан, Ақтөбе, Мектеп, Жетіауыл атауларын, жаңа көшелерге Достық, Ынтымақ, Бейбітшілік атаулары берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын әкім аппаратының жетекші маманы М. Жұмабайұлына жүктеймін.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Исатай селолық округінің әкімі       Ж. Ғұбашұлы 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады