Х. Ерғалиев ауылының Завод көшесіне соғыс және еңбек ардагері Иманғали Жұбановтың есімін беру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай ауданы Қамысқала селолық округі әкімінің 2008 жылғы 20 қарашадағы N 82 шешімі. Атырау облысының Әділет департаменті Исатай ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 10 желтоқсанда N 4-4-113 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы Қамысқала селолық округі әкімінің 2010 жылғы 27 қазандағы № 31 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы Қамысқала селолық округі әкімінің 27.10.2010 № 31 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4-тармағына және Исатай аудандық ономастикалық комиссиясының 2007 жылғы 26 қаңтардағы шешімін басшылыққа ала отырып ШЕШЕМІН:
      1. Х. Ерғалиев ауылының Завод көшесіне соғыс және еңбек ардагері ауданның ауыл шаруашылығын өркендетуге қажырлы еңбегімен үлес қосқан Жұбанов Иманғалидың есімін есте қалдыру мақсатында "Иманғали Жұбанов" атауы берілсін.
      2. И. Жұбанов көшесіне үй нөмірлерін қағуды және шаруашылық кітапқа өзгеріс енгізуді Қамысқала селолық округі әкімі аппаратының бас маманы С. Омашевқа тапсырамын.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізілсін.

      Қамысқала селолық округінің әкімі          Б. Мусин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады