Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы Қамысқала селолық округі әкімінің 27.10.2010 № 31 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4-тармағына және Исатай аудандық ономастикалық комиссиясының 2007 жылғы 19 сәуірдегі шешімін басшылыққа ала отырып ШЕШЕМІН:
1. Х. Ерғалиев ауылының Жаңакөше көшесіне еңбек ардагері ауданның ауыл шаруашылығын өркендетуге қажырлы еңбегімен үлес қосқан Сахуалин Қинаштың есімін есте қалдыру мақсатында "Қинаш Сахуалин" атауы берілсін.
2. Қ.Сахуалин көшесіне үй нөмірлерін қағуды және шаруашылық кітапқа өзгеріс енгізуді Қамысқала селолық округі әкімі аппаратының бас маманы С. Омашевқа тапсырамын.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізілсін.
Қамысқала селолық округінің әкімі Б. Мусин